ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЛАНДШАФТАРЫНЫҢ ҚҰС ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОРНИТОФАУНАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v79.i2-08Аннотация
Ұсынылған мақалада Солтүстік Қазақстан, Қостанай қаласының құстар фаунасы және орнитокешендері талданған. Қоршаған ортаның өзгеруінің жоғары динамикасымен сипатталатын қалалық ландшафтарда құстардың синантропты түрлерінің көбеюінің себептері анықталды. Бұл заңдылық қарастырылып отырған Солтүстік Қазақстан шекаралары үшін зерттелмеген. Алынған мәндердің негізінде құс тұрғындардың Қостанай қаласы ареалдарын, қала аумағында орын ауыстыру маршруты бағаланып, биоалуантүрлілігі, молшылығы жайлы санақ мәлеметтері талданған. Жұмыста жаңадан салыңған қала аудандарының пайда болуына, сондай-ақ салынған аумақтардың сапалық өзгеруімен көптеген түрлердің тіршілік ету ортасы мен олардың көші –қон процестерінің шекаралары өзгеретіндігі айқын көсетілген аналетикалық тәсіл көрсетілген. Зерттеуге алынған ландшафтар- бір қабатты және көп қабатты құрылысты қала аудандары, Тобыл өзені жағалауында жаңадан тұрғызылған саябақтары қатысты. Әр ландшафт бойынша жетекші түрлер анықталынып, түрлердің санының азаюына алып келіп жатқан факторлар келтірілген. Қостанай қаласының зерттелген урбоэкожүйсі үшін орнитокешендердің жай-күйі туралы тарихи деректер жоқ. Осы зерттеудің нәтижелері болашақта қалалық ортаның факторлық құрамдас бөлігінің трансформациясы кезінде орын алуы мүмкін орнитофаунаның және құстардың тұрғындардың өзгеру процестерін сипаттау бойынша одан әрі жұмыс істеуге негіз болады.
Кілт сөздер: орнитокешендер, биоәртүрлілік, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, қазіргі жағдайы.