АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE2025821013Аннотация
Жайылымдар климаты қатал және қоректік заттарға қол жетімділігі шектеулі жағдайда ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Оларды пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін қатарлас өндіруге мүмкіндік бере отырып, күйіс қайыратын малдарды азықтандырудың дәстүрлі әдістеріне тиімді және үнемді балама болып келеді. Қазақстанның Ақтөбе облысында жайылымдық жерлерді экологиялық бағалау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңызды бағыт болып табылады, өйткені бұл жерлер ірі қара, қой және жылқы малдарын азықтандырудың негізгі көзі болып табылады.
Бұл зерттеудің негізгі мақсаты жайылымдық экожүйелердің қазіргі жағдайын ғылыми тұрғыда анықтау және оларды ұтымды пайдаланудың экологиялық сараптамасын жүргізу болды. Облыс аймақтарындағы жайылымдық жүктемені талдау нәтижесінде экожүйені қалпына келтіру белгілері анықталды және олардың жағдайына антропогендік факторлардың әсер ету дәрежесі анықталды. 1991-2023 жылдар аралығында жайылымдардағы мал басының азаюына байланысты жүктемені азайту және экологиялық тепе-теңдікті орнату процестері байқалады.
Сонымен қатар, жұмыста тозған жайылымдарды қалпына келтіруге ықпал ететін факторлар анықталып, әр аймақ бойынша негізгі салыстырмалы көрсеткіштер берілген. Бұл Ақтөбе облысындағы тозған жайылымдарды қалпына келтіру дәрежесін бағалауға және осы ресурстарды одан әрі ұтымды пайдалану бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: экожүйелер, жайылым, жайылымдық жүктеме, экологиялық бағалау, деградация, шөлейттену
