PAULOWNIA SIEBOLD & ZUCC АҒАШ ӨСІМДІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Жанар Калдыбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4941-3116
  • Меруерт Курманбаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5050-9142

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a8
        72 32

Аннотация

Мақалада Қазақстандық жергілікті жағдайда өсіп жатқан Paulownia Siebold & Zucc өсімдігінің бейімделу және жерсіну, яғни орта факторларына талдау жасалады. Рaulownia (Павловния) ағаш өсімдігі Қытайда табиғи жағдайда өседі. Қазіргі уақытта әлемнің басқа елдерінде де өсіріледі. Табиғи 9 жуық түрі белгілі және көптеген гибрид түрлері де бар. Рaulownia ағашын қолданудың ауқымы кең: агроорман-мелиорациялық, целлюлоза өнеркәсібі, биоотын және биомасса алу, ағаш-сүрек алу, фиторемедиациялық, рекультивациялық т.б. практикалық маңыздылығы көп. Қазақстанда Paulownia өсімдігі соңғы 5-6 жылда қолға алынып, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында өсіріліп дамып келеді. Қазақстан жағдайында жаңадан өсіріліп, жерсінуде, сол себептен жергілікті экологиялық жағдайда Paulownia өсімдігіне биологиялық-экологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Біздің жұмысымыздағы зерттеулер Алматы қаласы мен Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы мен Беріктас ауылдық округінде жүргізілуде.

Зерттеудің мақсатына орай Рaulownia туысының гибрид түрлерінің өсуіне жергілікті жердің абиотикалық факторларының әсерін бағалау барысында зерттелінетін аймақтың климаттық және эдафикалық факторлары қарастырылып, талданды. Сонымен, Алматы қаласы және Алматы облысының агроклиматтық жағдайлары мен топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері Paulownia ағаш өсімдігін жерсіндіруге қолайлы.

Кілттік сөздер: Рaulownia Siebold & Zucc, абиотикалық факторлар, жерсіну, бейімделу. 

Жүктелулер

Как цитировать

Калдыбаева Z., & Курманбаева M. (2024). PAULOWNIA SIEBOLD & ZUCC АҒАШ ӨСІМДІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 81(4), 74–86. https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a8

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ