ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ЕМДІК БАЛШЫҚТАРЫ АЛЬГОФЛОРАСЫНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-012Аннотация
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде табиғи емдік балшыққа қызығушылық артып келеді. Емдік балшық - теріге оң емдік әсері бар және адам ағзасына жанама әсерлері аз табиғи өнім. Зерттеу объектісі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы елді мекеніндегі екі құдық пен емдік батпақтың суы болды. Бұл зерттеуде Жаңақорған ауданына қарасты елді мекендегі екі құдықтан және емдік батпақтардан микробалдырлар мен цианобактериялардың түрлік құрамы зерттелді. Бұл зерттеудің мақсаты Жаңақорған аймағындағы цианобактериялардың, жасыл және диатомды балдырлардың алуан түрлілігін, морфологиялық және дақылдық қасиеттерін қасиеттерін зерттеп, оларды аксеникалық дақылдар қатарына енгізу және коллекцияларда сақтау, және химиялық құрамының бай болуына байланысты өнеркәсіптік биотехнологияда, фармацевтикада, сондай-ақ тоқыма және тамақ өнеркәсібінде қолдану. Зерттеу нәтижесінде цианобактериялардың, жасыл және диатомды балдырлардың 7 жаңа аксенді дақылдары бөлініп алынды және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай олар Dunaliella salina, Chlamydomonas sp., Scenedesmus sp., Trichormus variabilis, Calothrix epiphytica, Nostoc oryzae, Navicula sp. ретінде анықталды.
Түйін сөздер: емдік балшық, микробалдыр, цианобактерия, бөліп алу, аксендік дақылдар, морфологиялық қасиеттері