БЕРИЛЛИЙДІҢ АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Гульназ Садыканова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8676-1972
  • Санат Құмарбекұлы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1285-3281
  • Кульзипа Дакиева С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8110-5255

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202582107
        109 46

Аннотация

 

Кәсіби қызметті зерттеу мен болжауда жетекші орынды адамның психофизиологиялық қасиеттерін диагностикалау мәселесі алады. Зиянды өндірістермен айналысатын жұмысшыларда жиі кездесетін жағдай - бұл өндірістік қызметтің тиімділігіне әсер ететін эмоционалды стресс. Бериллий өндірісінде қолданылатын бериллий сияқты уыттылығы жоғары заттар психофизиологиялық шиеленісті тудыруы мүмкін және жедел және созылмалы эмоционалды стресстің пайда болуына негіз болады. Ғылыми мақалада жасына, жұмыс өтіліне байланысты «ҮМЗ» АҚ бериллий цехы жұмысшыларының психофизиологиялық мәртебесіне өндірістік факторлардың әсері сипатталған.  Зерттелген жұмыс топтарының психофизиологиялық мәртебесі біркелкі емес. Жеке мазасыздық деңгейі жоғары және моторлық белсенділіктің төмен қарқыны бар жұмысшылар санының артуы эмоционалды шиеленістің жоғары деңгейімен байланысты жұмыстарға байланысты. Реактивті және жеке мазасыздықтың ең жоғары деңгейі, мотор белсенділігінің төмен қарқыны үшінші топтағы жұмысшыларда (45-65 жас аралығындағы)  байқалды. Бұл кезде Люшер сынағы бойынша стресс мәндерінің жоғарылап, ақыл-ой жұмысқабілетілігінің мәндері төмен болды. Кәсіби іріктеу кезінде психофизиологиялық тестілеуді қосу әртүрлі жастағы жұмысшыларда қорғаныс-бейімделу реакцияларының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: бериллий, уытты әсер, мазасыздық деңгейі, реактивті мазасыздық, жеке мазасыздық

Авторлардың биографиясы

Гульназ Садыканова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан

Садыканова Г.Е. –биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, 070002, Өскемен, Қазақстан.

Санат Құмарбекұлы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Құмарбекұлы С. – корреспонденция үшін автор, техника ғылымдарының магистрі, экологияя кафедрасының аға оқытушысы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, Жеңіс даңғылы 62., 010000, Астана, Қазақстан.

Кульзипа Дакиева, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан

Дакиева К.Ж. – биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, 070002, Өскемен, Қазақстан.

Жүктелулер

Как цитировать

Садыканова G., Құмарбекұлы S., & Дакиева K. (2025). БЕРИЛЛИЙДІҢ АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ . ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 83–88. https://doi.org/10.26577/EJE202582107

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ