СЫНАППЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭРИТРОЦИТТЕРДІҢ МЕМБРАНАЛАРЫНЫҢ КҮЙІНЕ Е ВИТАМИНІНІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202583206Аннотация
Сынап жер бетінде кездесетін ең қауіпті заттардың бірі болып саналады. Сынап ауаға,суқоймалары мен топыраққа әртүрлі көздерден түсіп,түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды, нәтижесінде қоршаған ортаға және адам денсаулығына уытты әсер етеді. Сынаптың ағзаға жағымсыз әсерлері ең алдымен сынаптың түріне байланысты, өйткені сынаптың саналуан формаларының биожетімділігі, биоаккумуляциясы және токсикокинетикасы әртүрлі болады. Сынап қосылыстарының токсикалық әсерлеріне іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, қан токсинемиясы, бүйректің, өкпенің, ас қорыту, жүйке жүйесінің зақымдануы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, шаршау, бұлшықет әлсіздігі, трі мен көздің шырышты қабаттарының тітіркенуі, репродуктивті жүйе қызметіне теріс әсері, иммундық жүйе қызметінің бұзылуы жатады. Биологиялық жүйелерде сынап тотығу және тотықсыздануреакциялары арқылы өзгерістерге ұшырап,нәтижесінде оның тірі ағзаларда сіңірілу қасиеттері ауысады. Бейорганикалық сынап қосылыстаруыттылығының молекулалық механизмінің негізіндежасуша тұтастығы мен өткізгіштігінің бұзылуы, антиоксиданттық қорғаныс механизмдеріне қатысатын ферменттер белсенділігінің жоғалуы нәтижесінде туындайтын тотығу стресінің салдарынан жасуша мембраналарының зақымдануы жатады.Осыған орай, сынаппен уланудың және оның организмге зиянды ықпалының алдын алу және улану салдарынан пайда болатын бұзылыстарды қалпына келтірудің тиімді тәсілдерін табудың маңызы зор. Бұл мақалада жедел және созылмалы сынаптық интоксикация жағдайына түскен жануарлардың эритроциттер мембраналарының күйі, сондай-ақ, Е витаминін пайдалану арқылы клетка мембраналарының төзімділігін арттыру мүмкіндігін зерттеу нәтижелері келтірілді. Жасалған зерттеу нәтижелері бойынша сынаппен жедел және созылмалы интоксикация кезіндегі эритроциттердің мембраналарының бұзылуы орын алатындығы және сынаптың теріс әсерінтөмендету мақсатында антиоксиданттық қасиеті танымал Е витаминін қолдану тиімділігі жайлы қорытынды жасалды.
Түйін сөздер: эритроциттер мембранасы, cынап, интоксикация, гемолиз, Е витамині, төзімділік









