СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІНІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

  • Гульнара Ситпаева Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4614-6155
  • Лаура Шадманова Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8395-1634
  • Алуа Кунанбай Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-4873-4176
  • Темирлан Кульболдин Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9571-5049
  • Дарын Болат Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-8312-7506
  • Азиза Төкен Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0640-0614

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025821011
        145 51

Аннотация

Табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және биоалуандылықты түрлер мен популяциялар деңгейінде сақтауға бағытталған зерттеулер ғылыми зерттеулердің жетекші бағыттарының бірі болып табылады.

Шолу мақаласында Ұлытау облысында кездесетін сирек кездесетін «Қызыл кітапқа» еңген өсімдік түрлерінің генетикалық құрылымы мен популяциялық өзгергіштігін зерттеу үшін молекулалық маркерлерді қолдану талдауы келтірілген. Қазақстанның Қызыл кітабының [1] деректерін талдау барысында зерттелетін аумақта сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар 20-дан астам түрдің болуы анықталды. Әдеби дереккөздерді талдау бұрын жүргізілген жұмыстардың қайталанбауын, сонымен қатар бұрын жүргізілген зерттеулер мен олардың нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Болашақ зерттеулердің перспективалық бағыттары, сондай-ақ кейбір түрлерді зерттеудегі жетіспеушіліктер анықталды. Молекулалық маркерлер басқа зерттеу құралдарымен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтарға ие екендігі атап өтілді. Сирек кездесетін өсімдік түрлерінің генетикалық құрылымын зерттеу үшін молекулалық-генетикалық әдістер мен маркерлерді таңдау маңызды.

Сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу үшін әртүрлі молекулалық маркерлерді қолдануды талдау Ұлытау облысында кездесуі мүмкін сирек және/немесе жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлерінің популяцияларындағы және олардың арасындағы генетикалық әртүрлілікті зерттеу кезінде ISSR және SSR маркерлерінің ақпараттылығы мен сенімділігін көрсетеді.

Түйін сөздер: әдеби деректер, молекулалық маркерлер, өсімдіктер, сирек кездесетін түрлер, шолу талдауы, Ұлытау

Авторлардың биографиясы

Гульнара Ситпаева , Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Ситпаева Гульнара Токбергеновна – б.ғ.д., Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші ғылыми қызметкері, (Алматы, Қазақстан, sitpaeva@mail.ru)

Лаура Шадманова, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Шадманова Лаура Шарбатовна (корреспонденттік автор) - PhD, Ботаника және фитоинтродукция институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, laura_shadmanova@mail.ru)

Алуа Кунанбай , Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Кунанбай Алуа Абайқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Биотехнология» мамандығының 4 курс студенті (Алматы, Қазақстан, kunanbayeva_a@mail.ru)

Темирлан Кульболдин , Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

Кульболдин Темирлан Сакенович - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Генетика» мамандығының 2 курс магистранты (Алматы, Қазақстан, k.temoha@gmail.com)

Дарын Болат, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

Болат Дарын Даниярұлы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Генетика» мамандығының 2 курс магистранты (Алматы, Қазақстан, daryn.bolat2020@mail.ru)

Азиза Төкен , Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Төкен Азиза Ильясжанқызы - Ботаника және фитоинтродукция институтының кіші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, t.aziza_93@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Ситпаева , . Г. ., Шадманова, Л., Кунанбай , А. ., Кульболдин , Т. ., Болат, Д. ., & Төкен , А. . (2025). СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІНІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 127–135. https://doi.org/10.26577/EJE2025821011

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ