АЛТАЙ ЖОТАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ӘСЕРІНЕН АУЫР МЕТАЛМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ТАЗАРУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202582102
        108 58

Аннотация

Әлемді жаулаған пандемия кезінде Қазақстандық Алтайға 32-40 мың, Моңғол Алтайда 13 мыңға жуық көлік саяхаттаған. Алтай жотасында жолдар асфальтталмаған, туристік даяашылық қызметі жеткілікті дамымағандықтан бей-берекетсіз туризм белең алып, тарам жолдар пайда болдыру, жер қыртысын зақымдау, саз батпақтарды кешіп өту арқылы топырақ жамылғысы ауыр металмен ластанғанын анықтаған. Зерттеу нәтижесінде ондағы бүлінген топырақтарда таза топырақпен салыстырғанда қорғасын, никель, мырыш қатарлы ауыр металдың мөлшері 2-4 есе артқаны, жәнеде Қазақстандық Алтайда туризм әсерінен 705.7 га, Моңғол Алтайда 182.7 га алаңның топырағы зақымдалғаны туралы жазған. Бұл зерттеу нәтижесі бойынша Моңғолияның Қоршаған Орта, Туризм министерлігіне қарасты  Моңғол Алтай жотасынындағы Ерекше қорғалатын аумақтар Басқармасының 2023 жылдың 28-нші Шілдедегі A/14 бұйрығы бойынша көлік қозғалысын шектеген. Ластанған топырақты тазарту, экологияны қалпына келтіру қатарлы басқадай жұмыстар атқарылмағандықтан авторлар мұнда ластанған топырақ тек табиғи жолмен тазарған болуы мүмкін деген ғылыми болжам жасады. 

Бұрынғы кординаттан сынама алып, лабораторияда атом спектрометрін сіңіру амалдары бойынша топырақтың құрамындағы 6 ауыр металдың деңгейі анықталды. Топырақтағы хромның мөлшері жолдың үстінде 3.8-6.3мг/кг-ға азайып, ал жолдың төменгі жағында кейбір кординаттарда азайып, кейбирінде көбейген. Қорғасын мөлшері жол үстінде 2.7-6.8 мг/кг-ға азайып, жолдың төменгі жағында 5.5-8.8 мг/кг-ға дейін көбейіп, жинақтала бастағаны анықталды. Мырыштың көлемі әр кординатта айтарлықтай өзгергенімен қандай бір тұрақтылық байқалмады. Зерттеу нәтижесінде ауыр металмен ластанған топырақ әр түрлі эрозия арқылы табиғи жолмен тазаруға болатыны нақты дәлелденді..

Түйін сөздер: Алтай жотасы, топырақтық ластануы, ауыр металдар, табиғи жолмен тазару.

Авторлардың биографиясы

Ербахыт Баделгажы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Баделгажы Ербахыт (корреспондент авторы) докторант Факультет естественных наук, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, (г. Астана, Казахстан, эл.пошта: erbahit.tourism@gmail.com)

Бауыржан Капсалямов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Капсалямов Бауыржан Ауесханович - доктор технических наук, профессора кафедры управления инжиниринга в сфере охраны окружащей среды, Факультет естественных наук, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, (г. Астана, Казахстан, эл.пошта: ba.kapsalyamov@gmail.com)

Гүлжайна Өнерхан, Қазақ технология және бизнес университеті, Астана, Қазақстан

Гүлжайна Өнерхан – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ технология және бизнес университеті, (Астана қ., Қазақстан, эл.пошта: guline@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Баделгажы, Е., Капсалямов, Б. ., & Өнерхан, Г. (2025). АЛТАЙ ЖОТАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ӘСЕРІНЕН АУЫР МЕТАЛМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ТАЗАРУЫ . ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 18–28. https://doi.org/10.26577/EJE202582102

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ