БЕТТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫ СОРБЦИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Бағила Алиева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-4354-3546
  • Еркебулан Кочеров М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6652-7954
  • Ләззат Раматуллаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1771-9903
  • Канат Кулымбет Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1864-8166

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202582101
        137 73

Аннотация

Қалалардың даму тұрғысынан жағымсыз салдары су өткізбейтін беттіктердің үлестік ұлғаюы, техногендік қоспалар түрлерінің көбейуі және беттік ағынды сулардағы олардың шоғырының артып кетуі есебінен ағынды су көлемінің артуы және шектен тыс ластануы болып табылады. Бұл мәселелер қалаларда түзілген беттік ағынды суларды тазартудың өзектілігін айқындай түседі. Беттік ағынды сулар құрамындағы ластаушы заттардың негізгі үлесі судың жиналу алаңдарының беттігінен шайылып келеді. Осындай жолмен минералды және органикалық тектегі таразыланған заттардың, мұнай өнімдерінің және ауыр металдардың негізгі бөлігі беттік ағынды суларға түседі. Ұсынылған зерттеу жұмысының мақсаты табиғи сорбенттер перлит және вермикулиттің қалалық беттік ағынды сулардағы мұнай өнімдері мен ауыр металдарды сіңіру үрдісін кинетикалық зерттеуге негізделген. Өсімдіктер мен топырақ микроағзаларының белсенділігінің төмен шарттарында биосүзгі жұмысының жоғары тиімділігін сақтау, сүзгілеу ортасында сорбциялық және ионаламасу қасиеттеріне ие компоненттерді мазмұндайтын перлит пен вермикулиттің болуымен қамтамасыз етіледі. Әдіснамалық тәсілді сорбенттердің ластаушы заттарды адсорбциялау изотермаларын Фрейндлих модельімен толық сипаттауға мүмкіндік берді және жоғары корреляция коэффициентін (R2 > 93-98 аралығында) көрсетті. Мұнан бөлек, алынған тәжірибелік мәліметтерді өңдеу және сорбенттердің сорбциялық көрсеткіштерін анықтау L-типті изотермаларды толыққанды сипаттайтын Ленгмюрдің мономолекулярлық сорбция теориясын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Табиғи перлит, вермикулит және құрылыстық құм негізінде поликомпонентті сорбенттер кешені беттік ағынды сулардағы ластаушы заттарды тұрақты және экологиялық таза жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Зерттеулер барысында алынған нәтижелер және олардың негізінде тұжырымдалған ғылыми қорытындылар Түркістан облысы Кентау қаласының беттік ағынды суларын сорбциялық тазалау жолымен Қосқорған су қоймасының ластану қауіпсіздігін қамтамсыз етуге бағытталған алдағы зерттеу жұмыстарына негіз бола алады.

Түйін сөздер: беттік ағынды сулар, ластаушы заттар, мұнай өнімдері, ауыр металдар, сорбциялық тазалау

Авторлардың биографиясы

Бағила Алиева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Алиева Бағила Бердуақасовна – КЕАҚ «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының PhD докторанты (Шымкент, Қазақстан, электрондық пошта: alieva.bagila@mail.ru)

Еркебулан Кочеров , М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Кочеров Еркебулан Нургалиевич – Техника ғылымдарының кандидаты, КЕАҚ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті (Шымкент, Қазақстан, электрондық пошта: Erkebulan083@mail.ru)

Ләззат Раматуллаева , М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Раматуллаева Ләззат Имамадиновна – Техника ғылымдарының кандидаты, КЕАҚ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент, Қазақстан, электрондық пошта: ramatullaeva_l@mail.ru)

Канат Кулымбет, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан

Құлымбет Қанат Қайратұлы (корреспондент-автор) – PhD, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Топырақ экологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электронды пошта: qulymbet.qanat@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Алиева, Б., Кочеров , Е. ., Раматуллаева , Л. ., & Кулымбет, К. (2025). БЕТТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫ СОРБЦИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 4–17. https://doi.org/10.26577/EJE202582101

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ