МАСТИФ ТӘРІЗДІ ИТ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE2025832015Аннотация
Қазіргі уақытта иттерге генетикалық зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Дегенмен, әлемде 400-ден астам түрлері мен тұқымдары бар, және олардың бәрі бірдей жақсы зерттелмеген. Мәселен, қазақтың ұлттық төбет иттеріне жататын мастиф тәрізді иттер генетикалық тұрғыдан жеткілікті зерттелмеген. Бұл жұмыстың мақсаты - ғылыми әдебиеттердегі мастиф тәрізді иттердің әртүрлі түрлері бойынша генетикалық зерттеулерге шолу жасау. Шолуда мастиф тәрізді иттердің генетикалық алуантүрлілігі, тұқымдардың тіршілік ету жағдайларына бейімделу механизмдері, ауруларға бейімділіктің генетикалық факторлары, сондай-ақ әртүрлі тұқымдар арасындағы филогенетикалық байланыстар қарастырылған. Жергілікті ит тұқымдарының филогенетикалық байланыстарын анықтау, осы тұқымдар қалыптасқан аймақтарды мекендеген халықтардың тарихымен және филогеографиясымен байланысын қадағалауға мүмкіндік береді. Генетикалық әртүрлілік параметрлерін және инбридинг деңгейін талдау ұлттық ит тұқымдарын сақтау және жетілдіру үшін ғылыми негізделген тәсілдерді қолдануға, оларды өсіру жөніндегі бағдарламаларды жақсартуға, иттердегі тұқым қуалайтын аурулардың санын азайтуға, тұқымның генофондын сақтауға, сондай-ақ, жойылу шегінде тұрған жергілікті тұқымдарды, соның ішінде Төбеттерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: мастиф тәрізді ит тұқымдары, Төбет, генетикалық әртүрлілік, филогения









