ТӨБЕТ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕРДІҢ ЖҮНІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE2025821010Аннотация
Қазіргі заман кинологиясы иттердің генетикалық әртүрлілігі мен денсаулығын сақтау үшін тұқымдық ерекшеліктеріне зор көңіл бөліп, белсенді түрде зерттейді. Перспективалық тәсілдердің бірі болып табылатын, жүн талшығының (шаштың) негізгі микроструктураларының комбинациясын талдау - сүтқоректілердің түрін анықтауға немесе тіпті тұқымын сипаттауға мүмкіндік беретін инвазивті емес әдіс ретінде қарастырылады. Шаш – іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін құнды әрі қарапайым модельдік объект. Бұл зерттеу Тобеттің жүн талшығы құрылымының бірегей ерекшеліктерін анықтауға бағытталған, бұл тұқыммен сәйкестендіру және селекциялық жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ тұқымдардың генетикалық әртүрлілігі мен денсаулығын сақтаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу үшін қолдануға болады. Зерттеу нәтижесінде төбет жүнінің келесі ерекшеліктері анықталды: бірқатарлы, фрагменттелген құрылымдағы өзегі, жасуша жиектері иректелген және кутикуланың аралық орналасуы, "қалыпты толқын" өрнегі және қабыршақтарының жақын орналасуы. Нәтижелер төбет жүнінің морфологиялық сипаттамаларын тұқымдық маркер ретінде қолданудың әлеуетін көрсетіп отыр, сирек және қорғауға алынған тұқымдардың этикалық зерттеулерін жеңілдетеді, бұл ұлттық тұқымның ерекше генетикасын сақтау және селекция үшін аса маңызды.
