КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ КЕТПЕН ЖОТАСЫНЫҢ ФЛОРАСЫНДАҒЫ TROLLIUS DSCHUNGARICUS REGEL ТҮРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202582109Аннотация
Мақала Күнгей Алатауының Кетпен жотасының флорасында кездесетін Trollius dschungaricus Regel түрінің екі популяциясының қазіргі жағдайын зерттеуге арналған. Жұмыста осы түрдегі популяциялардың флористикалық құрамына таксономиялық, экологиялық және географиялық талдау ұсынылған.
- dschungaricus популяцияларының флористикалық құрамына 61 туысқа және 25 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 73 түрі кіреді. Түрлердің ең көп саны Poaceae (Астық) тұқымдасына жататын -15 түр, Asteraceae (күрделігүлділер) - 14 түр, Chenopodiaceae (алабота) - 9 түр, Fabaceae (бұршақ) - 7 түр, Lamiaceae (ерінгүлділер) - 4 түр, Rosaceae (раушангүлділер) - 3 түр, сондай-ақ Ranunculaceae (сарғалдақтар) және Berberidaceae (бөріқарақаттар), әрқайсысы 2 түрден кездеседі. Қалған тұқымдастар бір түрмен ұсынылған.
Кетпен жотасындағы T. dschungaricus популяцияларының жастық құрылымын талдау олардың тұрақты күйін көрсетті, виргинилді және генеративті өсімдіктер тобы басым болды. Зерттелетін популяциялардағы көшеттердің үлесі салыстырмалы түрде аз, 2-ден 9% - ға дейін. Екі популяцияда да генеративті даралар басым, ал имматуралық өсімдіктер аз пайызбен ұсынылған. Бұл соңғы жылдардағы тұқымның жеткіліксіз жаңаруына және имматураланған өсімдіктердің виргинильді күйіне тез ауысуына байланысты. Сонымен қатар, популяцияларда ескі, сенильді өсімдіктер жоқ.
Популяциялардағы T. dschungaricus дараларының өміршеңдігіне ең алдымен тіршілік ету ортасының түрі әсер етеді. Зерттелген жас құрылымы Күнгей Алатауы Кетпен жотасының таулы-шалғынды және түрлі шөпті фитоценоздарында мекендейтін популяциялардың жақсы жай-күйін көрсетеді.
Түйін сөздер: Жоңғар күнгелді, популяция, Кетпен жотасы, жастық құрылымы, флоралық құрамы
