АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТУЯ THUJA OCCIDENTALIS L. ЖӘНЕ PLATYCLADUS ORIENTALIS L. ТҮРЛЕРІНІҢ ТОПЫРАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Нургуль Ережепова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2650-9863
  • Қанат Құлымбет Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1864-8166
  • Айнұр Ережепова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0001-1098-9698

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025821015
        110 53

Аннотация

Урбанизацияланған аумақтың атмосферасынан ластаушы заттардың көп бөлігі топыраққа түседі. Алматы қаласында халық санының көбеюіне, автокөліктердің артуына байланысты атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары, топырақ құрамында ауыр металл мөлшері артқан. Жасыл ағаштардың топырақтан ауыр металдарды аккумуляциялауы топырақ жағдайына оң әсерін тигізеді, осы орайда Алматы қаласындағы  Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis L. ағаштары өсетін аймақтардың топырақ жамылғыларының қазіргі жағдайын бағалау өзекті.

Мақалада Батыс және Шығыс туя ағаштарының топырақ құрамына тигізетін әсерін айқындау үшін топырақ кескіндері координаттары 2-кесінді және туя түрлерінің ағаштары қатар өскен бақылау нүктесінен алынды. Ауыр металдардың топырақтағы жалпы және жылжымалы мөлшерлері (Cu, Zn, Mn, Fe)  атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісімен анықталды. Топырақ жамылғысының морфологиялық сипаттамасы жасалып, гранулометриялық құрамы және топырақ типтері Тюрин әдісімен анықталды. 1-кесіндіде Thuja occidentalis L. ағашы өскен топырақ кесінділеріндегі гумус мөлшері 0-10см кескінінде ең жоғарғы мөлшерді 3,82%-ды көрсетті, ал Platycladus orientalis L. өскен жағдайда гумус мөлшері төмен 1,86%, 2-нүкте  топырағында керісінше Platycladus orientalis L. өскен жағдайда гумус мөлшері 2,96% Thuja occidentalis L.  (2,14%) өскен топырақпен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие. Thuja occidentalis L. және Platycladus orientalis L. түрлері бірге өскен бақылау вариантында  гумус мөлшері 3,1%. рН- мәні 8,26-8,81 аралығында ауытқыды, топырақ кесінділері жалпы алғанда күшті сілтілі ортаны көрсетті. Ауыр металдар арасында Zn, Cu және Fe  топырақтағы ШРК мөлшерінен айтарлықтай жоғары екендігі яғни, зерттелген аймақ топырақтары ауыр металдармен ластанғандығы анықталды. 1-кесіндіде Батыс туясы өскен топырақта Шығыс туя ағашы өскен топырақпен салыстырғанда Zn, Cu, Mn, Fe  мөлшері азырақ, Mn-басқасы  ШРК-дан жоғары. 3-кесіндіде тек Fe мөлшері Platycladus orientalis L. өскен топырақта көбірек. Екі Батыс және Шығыс туясы қатар өскен жағдайда Mn мөлшері 452,2 азайған. Зерттеу нәтижесі Батыс туя өскен топырақта, Шығыс туя өскен топырақ құрамымен салыстырғанда ауыр металдардың жинақталуы төмендегенін көрсетті.

Түйін сөздер: топырақ жамылғысы, гранулометриялық құрамы, гумус, ауыр металдар, ШРК

Авторлардың биографиясы

Нургуль Ережепова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Ережепова Нұргүл Шамаханқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, эл. почта: nkaznu@gmail.com)

Қанат Құлымбет , Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан

Құлымбет Қанат Қайратұлы (корреспондент-автор) – PhD, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Топырақ экологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электронды пошта: qulymbet.qanat@gmail.com)

Айнұр Ережепова , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Ережепова Айнұр Шамаханқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институты, Химия кафедрасының аға оқытушысы  (Алматы, Қазақстан, эл. почта: yerezhepova.ainur@gmail.com) 

Жүктелулер

Как цитировать

Ережепова N., Құлымбет K., & Ережепова A. . (2025). АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТУЯ THUJA OCCIDENTALIS L. ЖӘНЕ PLATYCLADUS ORIENTALIS L. ТҮРЛЕРІНІҢ ТОПЫРАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 165–175. https://doi.org/10.26577/EJE2025821015

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ