ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН SPIRAEANTHUS SCHRENKIANUS FISCH. & C.A. MEY. ӨСІМДІГІНІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫН ГЕОБОТАНИКА НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202584312Аннотация
Мақалада Сырдария Қаратауы бөктерінде орналасқан Жартытөбе ауылдық округында кездесетін сирек, эндемдік Spiraeanthus schrenkianus Fisch. & C.A. Mey. өсімдігінің өсу ортасына геоботаникалық тұрғыдан зерттеу жұмыстары жасалған. Ценопопуляциядағы өсімдіктің жастық спектрі, репродуктивтілігі, сандық көрсеткіштері, жастық құрылымы, таралуы мен түрге жіктелуі геоботаникалық әдістер қолданылды. Өсімдіктің ортаға бейімделуін деңгейінің жастық құрамын анықтауда 10х10 м2 трансекталар салынды. Жүргізілген 1 м2 аудандағы түрдің дарақтар санының жилілігімен популяцияның тығыздығы анықталады, және бағаланады. S. schrenkianus өсімдігінің екі ценопопуляциясынан өсімдіктер қауымдастықтары мен өсімдіктердің проекциялық жабынының пайыздық көрсеткіштері, өсімдіктер жамылғысы және олардың ярустары сипаттап көрсетілген. Зерттеу объектісі жүргізілген аймақта GPS бойынша бірінші ценопопуляцияның координаттары N: 43034’09.10’’ с.ш. және E: 069005’57.9’’ ш.б. теңіз деңгейінен биіктігі 758 м деңгейінен, ал екінші ценопопуляция N: 43034’03.78’’ с.ш. және E: 069005’21.09’’ ш.б. теңіз деңгейінен биіктігі 793 м. табылды. Шренк тобылғытүсі анықталған ценопопуляциялардың топырақ құрамы - таулы сұр-қоңыр топырақ болып келеді. Топырақтың механикалық құрамы жеңіл құмбалшық. Анықталған аймақтағы әрбір ценопопуляция бойынша 10×10 м2 өлшемді трансекта салынды, сонымен қатар жастық спектрі анықталды. Шренк тобылғытүсі өсімдігі таралған ценопопуляциясынан виргинильді кезеңдер толықтай және репродуктивті кезеңнің ішінде толық жетілген генеративтік жастық күйіндегі дарақтар кездесті, даму циклі қалыпты жағдайда екендігі айқындалды. Зерттелген нысан жыл сайын гүл беріп, тұқым салады. S. schrenkianus өсімдігі таралған ценопопуляцияларға тікелей төніп тұрған қауіп жоқ деуге негіз бар. Бірақ Шренк тобылғытүсі сирек кездесетін болғандықтан, оның таралуы бойынша алып жатқан жер көлемі аз екендігін байқауға болады.
Түйін сөздер: флора, эндем, доминант, кондоминант, популяция, ценопопуляция, проективті жамылғы
