COVID-19 АУЫР ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ФЕРРИТИН БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202583205Аннотация
Бұл мақалада COVID-19 диагнозы бар науқастардың жай-күйінің нашарлауы мен ферритин деңгейі арасындағы байланысты анықтау үшін гематологиялық деректер бойынша зерттеулердің нәтижелері келтіріліп, талданған. SARS-Cov-2 вирусы адамнан адамға өте жылдам таралатын сипатқа ие. Осыған байланысты ДДCҰ COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Ауыр жағдайдағы коронавирустық инфекцияны бастан кешірген науқастарда ферритин деңгейінің жоғарылауы анықталды. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты ферритиннің COVID-19 науқастарындағы ауыр жағдай мен өліммен байланысын анықтау болды. Зерттеу барысында 32 ғылыми жұмыс талданды, онда 9459 ауруханаға жатқызылғандардың гемотологиялық мәліметтері жиналды. Ферритиннің өлім-жітіммен және ауыр жағдаймен байланысын талдау үшін 13 зерттеу алынды, онда 6306 вирусты жұқтырған адамның деректері қарастырылды. Ферритин деңгейі жеңіл түрде ауырған пациенттермен салыстырғанда жағдайы ауыр пациенттерде айтарлықтай жоғарылаған. COVID-19 әсерінен қазаға ұшырағандарда тірі қалғандармен салыстырғанда да ферритин деңгейі айтарлықтай жоғары мөлшерде болған. Бір немесе бірнеше қатар жүретін аурулары бар науқастарда, соның ішінде қант диабеті, тромботикалық асқынулар және қатерлі ісік аурулары бар науқастарда ферритиннің едәуір жоғары деңгейіне ие болғаны анықталды. Сондай-ақ бауырдың зақымдануы және жедел респираторлық дистресс синдромының дамуы ферритиннің жоғары деңгейімен айтарлықтай байланысты болды. Оның деңгейі пациенттердің қарқынды терапия бөліміне ауыстырылуымен және жасанды тыныс алу аппаратының қажеттілігімен байланысты болды. Гиперферритинемия COVID-19 диагнозы бар пациенттердің ауруының асқынуын болжаушы биомаркер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Түйін сөздер: COVID-19, коронавирус, ферритин, ауыр жағдайлар, өлім жағдайы









