БАТЫС ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ТАРЫ КОЛЛЕКЦИЯСЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАУ

Авторлар

  • Айман Рысбекова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ, Астана қ., Казақстан https://orcid.org/0000-0001-5253-3464
  • Эльмира Дюсибаева С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5960-6328
  • Маргарита Әбілқайырова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-3445-7316
  • Айым Зейноллина С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6880-0969
  • Айдын Оразов Астана халықаралық университеті АҚ, Астана, Казақстан https://orcid.org/0000-0003-1390-9507

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025821014
        85 27

Аннотация

Кәдімгі тары (Panicum miliaceum L.) Америкада, Еуропада және Азияда кеңінен таралған бағалы дәнді дақыл және маңызды азық-түлік дақылдарының бірі болып саналады. Сондықтан жер шарындағы халық санының өсуін ескере отырып, тары дақылдарын өндіруді арттыру жолдарын іздестіру бүгінгі таңда өте өзекті мәселеге айналды. Барлық дәнді дақылдардың ішінен тары құрғақшылық пен ыстыққа төзімділік сияқты биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Осыған байланысты тары Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайында өсіруге тиімді. Дегенмен, бұл дақылдың сорттарын өсіру алаңын кеңейту үшін әртүрлі шыққан генотиптердің бейімделгіштігін кешенді бағалауды талап етеді. Осы мақсатта әртүрлі климаттық жағдайлармен сипатталатын Солтүстік және Батыс Қазақстанда экологиялық сынау үшін тарының отандық және шетелдік коллекциялық сорттары іріктелді. Зерттеу жұмысымызда осы өңірлер үшін әзірленген агротехнологиясын, сондай-ақ әлемдік тары коллекциясын зерттеу үшін тары дақылының алуан түрлілігін зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларды пайдаланылды. Әдістеме бойынша зерттеу кезеңінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын фенологиялық бақылаулар және өнімділіктің құрылымдылық элементеріне талдау жүргізілді. Осылайша, статистикалық талдау нәтижелері бойынша өнімді түптену белгісі мен 1000 тұқымның салмағы мен негізгі шашағының дәндер саны арасында тығыз байланыс анықталды.  Анықталған байланыстар сорттардың өнімділігін арттыру бойынша селекциялық жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бағалау нәтижелері бойынша екі аймақта бағалы жоғары өнімді генотиптер: К-10215 - 671,9 г/м2, К-2468 - 885,3 г/м2, Яркое 5-572 г/м2, Шортанды 7 -548 г/м2, Саратовское 69 м2 анықталды. Бөліп алынған сортүлгілерді жаңа жоғары бейімді тары сорттарын әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Түйін сөздер: тары, гендік қор, экологиялық сынақ, корреляциялық талдау

Авторлардың биографиясы

Айман Рысбекова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ, Астана қ., Казақстан

Рысбекова Айман Бөкенқызы (жауапты автор) – Биология ғылымдарының PhD докторы, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана, Қазақстан, e-mail: a.rysbekova@kazatu.edu.kz)

Эльмира Дюсибаева , С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Дюсибаева Эльмира Наврузбекқызы – PhD, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана, Қазақстан, e-mail: e.dyussibayeva@kazatu.edu.kz )

Маргарита Әбілқайырова , С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Әбілқайырова Маргарита Маратқызы – PhD докторанты, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы кафедрасы (Астана, Қазақстан, e-mail: margarita.abkv@gmail.com)

Айым Зейноллина , С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Зейноллина Айым Ерболқызы – С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы кафедрасының оқытушысы (Астана, Қазақстан, e-mail: a.zeinullina@kazatu.edu.kz)

Айдын Оразов , Астана халықаралық университеті АҚ, Астана, Казақстан

Оразов Айдын – PhD, Астана Халықаралық Университетінің Жаратылыстану ғылымдары мектебінің қауымдастырылған профессоры (м.а.), "NatureLaB" Қоршаған ортаны зерттеу ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі (Астана, Қазақстан, e-mail: orazov1994aidyn@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Рысбекова A., Дюсибаева E. ., Әбілқайырова M. ., Зейноллина A. ., & Оразов A. . (2025). БАТЫС ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ТАРЫ КОЛЛЕКЦИЯСЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 155–164. https://doi.org/10.26577/EJE2025821014

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ