КСЕНОБИОТИКТЕРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ МИКРОФЛОРАСЫНЫҢ МИКРОБТЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Ажар Мәлік Экологиялық тұрақтылық және биоресурстар ҒЗИ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9060-0111
  • Гулжамал Абдиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2274-1577
  • Перизат Уалиева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3037-9993
  • Нуралы Акимбеков Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5262-5155
  • Қуаныш Тастамбек Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2338-8816
  • Жандос Тауанов Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6150-7580
  • Мөлдір Туралиева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5021-9260

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE20258436
        78 2

Аннотация

Топырақтың биохимиялық қасиеттерін анықтайтын микробтық қауымдастық – белгілі бір эко-трофикалық бірлікті құрайтын әр түрлі түрдегі бірге тіршілік ететін организмдердің жиынтығы. Экожүйенің барлық биотикалық құрамдас бөліктерінің ішінде микробтық қауымдастық экожүйелердің ауылшаруашылық дамуы кезінде болатын экологиялық жағдайдың өзгеруіне және антропогендік әсердің басқа нысандарының, соның ішінде ластаушы заттардың болуына барынша сезімтал. Әртүрлі микроорганизмдердің бір-бірімен және өсімдікпен, сондай-ақ агробиоценоздың басқа компоненттерімен қарым-қатынастарының күрделілігі мен әртүрлілігі топырақтың фитосанитарлық жағдайын және тұтас жүйе ретінде оның тұрақтылығын анықтайды.

Жұмыстың мақсаты – ксенобиотиктермен ластанған топырақ үлгілерінің аборигенді микрофлорасының микробтық әртүрлілігін анықтау және олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу, перспективалы микроорганизмдерді скринингтен өткізу. Түркістан және Қызылорда облысындағы ксенобиотиктермен ластанған топырақ үлгілерінің жергілікті микрофлорасының микробтық алуан түрлілігін зерттеу.

Топыраққа түсетін ксенобиотиктер микробтық қауымдастықтарға тікелей немесе жанама әсер етеді. Заманауи тұжырымдамаларға сәйкес микробиологиялық мониторинг қоршаған орта сапасын бақылаудың басым бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта ластаушы заттардың әсерін бағалаудың ең жақсы дамыған әдістері қауымдастықтардың құрылымдық қайта құрылуын зерттеуге және микроорганизмдердің әртүрлі топтарын есепке алуға негізделген. Осыған байланысты жұмыста Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ксенобиотиктермен ластанған топырақтарының микробтық алуан түрлілігі зерттеліп, перспективті микроорганизмдер іріктеліп алынды.

Түйін сөздер: ксенобиотиктер, микроорганизм, скрининг, деструктор.

Авторлардың биографиясы

Ажар Мәлік, Экологиялық тұрақтылық және биоресурстар ҒЗИ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, аға оқутышысы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Экология  және  биоресурстардың тұрақтылығы” ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері

Гулжамал Абдиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Перизат Уалиева, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Нуралы Акимбеков, Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан

PhD, профессор, Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Қуаныш Тастамбек, Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор, Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Жандос Тауанов, Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Tүркістан, Қазақстан

PhD,  қауымдастырылған  профессор,  Экология ғылыми-зерттеу институты, Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Мөлдір Туралиева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

PhD, қауымдастырылған  профессор М. Әуезов атындағы Оңтүстік–Қазақстан университеті

Жүктелулер

Как цитировать

Мәлік A., Абдиева G., Уалиева P., Акимбеков N., Тастамбек K., Тауанов Z., & Туралиева M. (2025). КСЕНОБИОТИКТЕРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ МИКРОФЛОРАСЫНЫҢ МИКРОБТЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 84(3). https://doi.org/10.26577/EJE20258436

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ