«ШЫМКЕНТ-ҚОҚЫС» ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ МИКРОБИОМАСЫН ЗЕРТТЕУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202582105

Аннотация

Елімізде және әлемдік деңгейде экологиялық дағдарыс туғызып отырған мәселелердің бірі өндірістік және тұрмыстық тұтыту қалдықтары. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 4,6 миллион тонна (т) қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жинақталады екен, оның ішінде 2,8 млн т еліміздегі әртүрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындары шығарған қалдықтар болып есептеледі. 71% тұрмыстық қалдықтар, өндіріс қалдықтары 14,6%, көше қалдықтары 10%, базар қалдықтары 2% шығарындылары болып есептелген.Тұрмыстық қалдықтарды жою мен биоутилизациялауды ұтымды ұйымдастырудың бірден бір жолы қалдықсыз технологияны құратын әдіс көзін табу болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент-Қоқыс полигоны айналасынан алынған топырақ сынамаларындағы микроағзалар титрі 1-10 КТБ\г мөлшерінде кездесті. Топырақ горизонттарындағы микроағзалардың титрі 20-30 см тереңдіктерде жоғары болды, титр 109кл/мл мөлшерінде кездесті. Шымкент-Қоқыс полигоны айналасынан алынған топырақ микробиомасының құрылымын актиномицеттер, микромицеттер, гетеротрофты бактериялар, нитрифицирлеуші, азотфиксирлеуші бактериялар, энтеробактериялар, сондай-ақ балдырлар мен қарапайымдылар құрады. Микрофлоралық құрамында гетеротрофты бактериялардан Bacillus sp., Brevibacterium sp., Pseudomonas sp., Micrococcus sp., Enterobacteriaceae туысының өкілдері Salmonella sp., Klebsiella sp., Streptococcus sp., Staphylococcus sp., нитрифицирлеуші бактериялардан Nitrospira sp. өкілдері, азотфиксирлеуші бактериялар және энтеробактериялар кездессе, ал микроскопиялық саңырауқұлақтардан Mucorales, Aspergillus, Fusarium туыстарының өкілдері кездесті.

Түйін сөздер: Микроағзалар, микробиома, Salmonella, Klebsiella, Streptococcus, Staphylococcus, қатты-тұрмыстық қалдықтар, полигондар

Авторлардың биографиясы

Айнагуль Ахмет, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Ахмет Айнагүл – PhD доктор, М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өндірістік биотехнология» ҒЗЗ жетекші ғылыми қызметкері. (Шымкент, Қазақстан, e-mail: aina_756@mail.ru)

Жанар Рахимбердиева, Шымкент университеті, Шымкент, Қазақстан

Рахимбердиева Жанар Шерахметовна – PhD доктор, доцент м.а., Шымкент университеті, «Педагогика және психология» ҒЗИ директоры, М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биология» кафедрасының аға оқытушысы, (Шымкент, Қазақстан, е-mail:rakhimberdiyeva80@mail.ru)

Как цитировать

Ахмет, А., Рахимбердиева, Ж., & Аралбаева, Р. (2025). «ШЫМКЕНТ-ҚОҚЫС» ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ МИКРОБИОМАСЫН ЗЕРТТЕУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ . ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 82(1), 56–68. https://doi.org/10.26577/EJE202582105

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ