TARAXACUM OFFICINALE СЫҒЫНДЫСЫ АРҚЫЛЫ КАДМИЙ ХЛОРИДІМЕН ТУЫНДАҒАН АТАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІН ГИСТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮЗЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202583207Аннотация
Бұл жұмыста зертханалық егеуқұйрықтардың аталық жыныс бездерінде хлорлы кадмийдің әртүрлі концентрациялары әсерінен орын алатын гистоморфологиялық өзгерістер зерделеніп, сонымен қатар Taraxacum officinale сығындысын пайдалану арқылы осындай бұзылыстарды түзетудің тиімді тәсілі анықталды. Зерттеудің негізгі мақсаты – металдың улы ықпалына ұшыраған сперматогендік эпителий мен аралық тіндердің зақымдану дәрежесін бағалау және өсімдік сығындысының ықтимал қорғаныстық рөлін анықтау. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы металлотоксикоздар салдарынан туындайтын репродуктивтік қызметтің нашарлау мәселесінің өзектілігімен, сондай-ақ жемістілікті сақтауға арналған алдын алу шараларын әзірлеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Тәжірибе барысында хлорлы кадмийдің үш түрлі дозасы қолданылды, артынан кейбір жануарларға одуванчик сығындысы енгізілді. Әдістеме ретінде гематоксилин және эозинмен боялған ұрық тіліктерінің морфологиялық сараптамасы жүргізіліп, өзекшелер эпителийінің жағдайы, канальцааралық кеңістіктегі ісіну көрінісі мен некроз белгілері бақыланды. Нәтижелер көрсеткендей, кадмийдің төмен мөлшері аздаған уытты әсер тудырса, жоғары деңгейлері эпителийлік жасушалардың некрозына және тін құрылымының бұзылуына әкелді. Taraxacum officinale сығындысын енгізу көптеген жағымсыз өзгерістердің айтарлықтай азаюына септігін тигізді. Бұл зерттеудің жетістігі сығындының қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерін растау арқылы кадмий интоксикациясының алдын алу мен емдеуде өсімдік құралдарын кеңінен қолдануға жол ашады. Алынған деректер аталық бездің қызметін қорғау мақсатында Taraxacum officinale препаратын емдік кешеннің бір бөлшегі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: аталық бездер, кадмий хлориді, Taraxacum officinale, гистоморфология, репродуктивтік денсаулық









