ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛМА АҒАШТАРЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІГІ

Авторлар

  • Гульнур Искакова М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1989-9031
  • Владимир Анатольевич М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7303-4605

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202584315
        124 5

Аннотация

 

Бактериялық күйік – Rosaceae тұқымдасының сәндік және жеміс-жидек дақылдарының, соның ішінде алманың (Malus spp.) ең қауіпті карантиндік ауруларының бірі. Бұл ауруды Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілердің бірыңғай тізіміне енгізілген Erwinia amylovora грамтеріс бактериясы тудырады. Бактериялық күйік әлемнің 60-қа жуық елінде анықталған. Бұл ауру Қазақстанға да таралды. Ол өнімділіктің айтарлықтай төмендеуіне, сондай-ақ питомниктердегі, бау-бақшалардағы және шаруашылықтардағы жеміс ағаштарының қатты зақымдалуына немесе өліміне әкеледі. Бүкіл әлемде бактериялық күйік орасан зор экономикалық шығындар әкелуде. Бұл шолуда Қазақстан аумағында алма ағаштарының бактериялық күйігін анықтаудағы жасалынған зерттеулер талданды. Алманың Malus sieversii эндемикалық түрлерінің жұқтыру қаупін анықтау бойынша мониторингтік зерттеулер талданды. Осы ауруға төзімді алманың әртүрлі сорттарын генотиптеу жұмыстары қарастырылды. Қазақстандық ғалымдардың бактериялық күйікпен күресуге ұсынған шараларына шолу жүргізілді. Барлық зерттеу нәтижелерінің Қазақстан үшін орасан зор экономикалық және экологиялық маңызы бар.

Түйінді сөздер: бактериялық күйік, Erwinia amylovora, алма Malus spp., күресу шаралары

Авторлардың биографиясы

Гульнур Искакова, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының геном зертханасының ғылыми қызметкері

Владимир Анатольевич, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан

Биология ғылымының кандидаты, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты

Жүктелулер

Как цитировать

Искакова, Г., & Кузовлев, В. . (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛМА АҒАШТАРЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІГІ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 84(3). https://doi.org/10.26577/EJE202584315