ТАСТЫКӨЛ ЖӘНЕ ЗАОЗОРНОЕ РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАНҒАН УРАН КЕН ОРЫНДАРЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН БЕТКЕЙ СУ НЫСАНДАРЫН РАДИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025852

Аннотация

Солтүстік Қазақстандағы уран өндіру қызметі - қоршаған ортадағы табиғи радионуклидтердің белсенді концентрациясының артуына ықпал етті.Осы зерттеудің мақсаты Ақмола облысында орналасқан  Тастыкөл (№9 кеніш)  және Заозорное (№8 кеніш) рекультивацияланған кен орындарына жақын орналасқан уран өндірудің типтік ауданының жер үсті су нысандарына және көл шөгінділерінде табиғи радионуклидтердің кеңістіктік таралу сипаттамаларын бағалау, сондай-ақ олардың көші-қон процестерін түсіну үшін судағы және шөгінділердегі табиғи радионуклидтердің геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.Су нысандарындағы және түптік шөгінділердігі табиғи радионуклидтердің альфа және белсінділігі анықталды, сонымен қатар, су үлгілерін алу кезінде сілтілік деңгейі (рН) сынама алу кезінде бірден анықталды. Кеніштердің аумақтарындағы бос жыныстардың үйінділеріндегі және карьер, сынама алынған су нысандары аумақтарында гамма-сәулелену дозасының қуатын өлшеу жүргізілді. Біздің зерттеу жұмыстары келесіні көрсетті: Зерттеу аумағындағы су нысандарындағы сынамалардағы альфа белсенділік 0,8 ден  9,8 Бк/л,бета белсенділік  - 0,3 тен 2,7 Бк/л дейінгі аралықты қамтыды.Мәндердің бұл арақатынасы осы нақты аудандардағы радиациялық әсерге байланысты денсаулыққа ықтимал қауіптің жоғарылауын көрсетеді. Түптік шөгінділіердегі альфа белсенділік мәні – 250 Бк/кг – 510 Бк/кг аралағында,бета белсенділік 120 Бк/кг – 240 Бк/кг аралығында. Жоғары мәндер негізінен техногендік әсер болған Көксор,Тастыкөл, №9 шахтаның №5 карьері аумағында жоғары деңгейде. Өлшенген сілтілік деңгейінің артуы – ықтимал техногендік әсердің жоғарылығын көрсетеді.

Түйін сөздер: кен басқармасы, рекультивация, аэрорадиометрия, аэроауытқулар, рудалық құбылыстар, уран өндіру, ионданушы сәулелену көздері

Авторлардың биографиясы

Аманбек Зандыбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Биология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры

Нурахмет Айқын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Докторант, Л .Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

Тюзун Тургут Онай, Босфор университеті

PhD докторы, Туркия Республикасы, Босфор университеті қоршаған орта туралы ғылымдар институты директоры

Как цитировать

Зандыбай, А., Айқын, Н., & Онай, Т. Т. (2025). ТАСТЫКӨЛ ЖӘНЕ ЗАОЗОРНОЕ РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАНҒАН УРАН КЕН ОРЫНДАРЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН БЕТКЕЙ СУ НЫСАНДАРЫН РАДИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 85(4). https://doi.org/10.26577/EJE2025852

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ