ОПИСТОРХОЗ. ЭКОЛОГИЯСЫ МЕН ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202583204
        219 70

Аннотация

Описторхоз қоздырғышы, Opisthorchis felineus (Rivolta, 1884) трематодасы - Ресей, Қазақстан және Шығыс Еуропа елдерінде адамдар мен жануарлар арасында кең таралған паразиттердің бірі болып табылады. Бұл түр Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыста кездесетін бауыр трематодаларына жататын O. viverrini (Poirier, 1886) және Clonorchis sinensis (Loos, 1907) түрлерімен бірге Opisthorchiidae тұқымдасының эпидемиологиялық маңызы бар үштігін құрайды. O. felineus-тің жыныстық жетілген даралары адам мен сүтқоректілердің гепатобилиарлық жүйесінде паразиттік тіршілік етеді және ұзақ мерзімді инфекция кезінде ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Алайда, осы маңыздылығына қарамастан, описторхоз ұмыт қалған тропикалық аурулар (neglected tropical diseases) тобына жатады. Бұл аурулар әлем бойынша 1,65 миллиард адамды зақымдайды және «ұмыт қалған» деп аталуы да бекер емес: бұл аурулармен ауырған адамдар мен олардың өмір сүретін аймақтары көбіне назардан тыс қалып жатады.

Бұл шолуда Opisthorchiidae тұқымдасына жататын трематодалардың биологиясы мен эпидемиологиясы бойынша заманауи зерттеу нәтижелері қысқаша жинақталған, сондай-ақ модельді жануарлар мен науқастарға жүргізілген зерттеу деректері қарастырылған. Трематодаларды зерттеудің өзектілігі олардың күрделі даму циклдерімен, аурудың ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуімен, паразиттердің тікелей орналасу орындарынан тыс ағзаларға әсері туралы жеткіліксіз ақпаратпен, сондай-ақ эндемиялық аймақтарда кең таралуымен байланысты. Ашық көші-қон саясаты мен гастрономиялық туризм бұл инфекциялар проблемасының географиясын кеңейтуде, описторхоз және клонорхоз деректері эндемиялық емес аймақтарда да тіркелген.

Түйін сөздер: трематодалар, описторхоз, жүйелі ауру

Авторлардың биографиясы

Оксана Запарина , СБ РҒА Цитология және генетика институты, Новосибирск, Ресей

Запарина Оксана (корреспонденттік автор)  - б.ғ.к. СБ РҒА Цитология және генетика институтыны, Патологиялық процестердің молекулалық механизмдері зертханасының ғылыми қызметкері (Новосибирск, Ресей, zp.oksana.93@gmail.com)

Ярослав Капущак , СБ РҒА Цитология және генетика институты, Новосибирск, Ресей

Капущак Ярослав Кириллович – СБ РҒА Цитология және генетика институтының Постгеномдық нейробиология секторының кіші ғылыми қызметкері (Новосибирск, Ресей, yarikkaps@yandex.ru)

Анна Ковнер , СБ РҒА Цитология және генетика институты, Новосибирск, Ресей

Ковнер Анна Владимировна - б.ғ.к. СБ РҒА Цитология және генетика институтының Патологиялық процестердің молекулалық механизмдері зертханасының ғылыми қызметкері (Новосибирск, Ресей, anya.kovner@gmail.com)

Мария Пахарукова , СБ РҒА Цитология және генетика институты, Новосибирск, Ресей

Пахарукова Мария Юрьевна - б.ғ.д., СБ РҒА Цитология және генетика институтының Патологиялық процестердің молекулалық механизмдері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, (Новосибирск, Ресей, pmaria@yandex.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Запарина , О., Капущак , Я., Ковнер , А. ., & Пахарукова , М. . (2025). ОПИСТОРХОЗ. ЭКОЛОГИЯСЫ МЕН ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 83(2). https://doi.org/10.26577/EJE202583204