КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ ЖОТАСЫНЫҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІНДЕГІ НЕГІЗГІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Сауле Мухтубаева Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы»; 2Астана халықаралық университеті; 5Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-5921-3113
  • Клара Избастина Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы»; С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық ЗерттеуУниверситеті https://orcid.org/0000-0002-6418-1950
  • Анар Достемесова Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4526-7115
  • Сауле Кобланова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-3337-3943
  • Бибігүл Жұмабекова Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3327-0931

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE202584313
        76 2

Аннотация

Мақалада Күнгей Алатауы жотасының шығыс бөлігіндегі негізгі дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры мен пайдалану перспективаларын бағалауға бағытталған далалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты аймақтың табиғи популяцияларын сақтау және олардың ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу үшін жабайы дәрілік өсімдіктердің ресурстық әлеуетін зерделеу.        Achillea millefolium L., Aconitum leucostomum Vorosch.,  Berberis sphaerocarpa Kar. & Kir.*(B. heteropoda Schrenk ex Fisch. & C.A.Mey.), Chelidonium majus L., Ephedra equisetina Bunge., Epilobium angustifolium L., Hippophae rhamnoides L., Hypericum perforatum L., H. scabrum L., Inula helenium L., Origanum vulgare L., Patrinia intermedia (Hornem.) Roem. & Schult., Polygonum nitens (Fisch. & C.A.Mey.) Petrov*(Bistorta elliptica (Willd. ex Spreng.) V.V.Petrovsky, D.F.Murray & Elven), Rosa alberti Regel, R. beggeriana Schrenk ex Fisch. & C.A.Mey., Tanacetum vulgare L., Thymus marschallianus Willd.*(Thymus pannonicus All.), Tussilago farfara L., Urtica dioica L., Valeriana turkestanica Sumnev. және Ziziphora clinopodioides Lam. секілді болашағы зор түрлер зерттелді. Бұл өсімдіктер жоғары шикізат әлеуетіне ие және болашақ фармацевтикалық және медициналық әзірлемелер үшін маңызды нысандар болып табылады.

Мақалада табиғи ортаны бұзбай және популяциялардың қалпына келу қабілетін ескере отырып, ғылыми негізделген шикізат жинауға болатын әлеуетті орындар туралы мәліметтер берілген. Зерттеу нәтижелері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлеуде, дәрілік шикізатты жоспарлы жинауды ұйымдастыруда және болашағы зор түрлердің плантацияларын құруда практикалық мәнге ие.

Алынған деректер бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру іс-шараларын жоспарлау және жабайы дәрілік өсімдіктердің құндылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жүргізілген зерттеулердің негізінде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді қорғау және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді, бұл аймақтың биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелердің тұрақтылығын қолдау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін маңызды.

Түйін сөздер: Флористикалық құрамы, молшылық, шикізат қорлары, таралу аймақтары

Авторлардың биографиясы

Сауле Мухтубаева , Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы»; 2Астана халықаралық университеті; 5Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD,  қауымдастырылған профессор

Клара Избастина, Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы»; С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық ЗерттеуУниверситеті

PhD, қауымдастырылған профессор

Анар Достемесова, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ботаника және фитоинтродукция институтының кіші ғылыми қызметкері

 

Сауле Кобланова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Биология ғылымдарының кандит

Бибігүл Жұмабекова , Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан

Биология  ғылымдарының  докторы

Жүктелулер

Как цитировать

Мухтубаева , С. ., Избастина, К., Достемесова, А., Кобланова, С., & Жұмабекова , Б. . . (2025). КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ ЖОТАСЫНЫҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІНДЕГІ НЕГІЗГІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫН БАҒАЛАУ: . ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 84(3). https://doi.org/10.26577/EJE202584313

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ