БАКТЕРИАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА – ТҰРАҚТЫ ТАҒАМДЫҚ ҚАПТАМАҒА АРНАЛҒАН БИОЫДЫРАЙТЫН МАТЕРИАЛ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE861202611

Аннотация

Бактериалды целлюлоза (БЦ) жоғары тазалығы, нанофибриллярлық құрылымы, биосәйкестігі және функционалдық модификация мүмкіндігі арқасында биоыдырайтын қаптама материалдарын әзірлеу үшін перспективалы биополимер ретінде қарастырылады. Осы шолудың мақсаты – БЦ алу әдістеріне, оның физика-механикалық және тосқауылдық (барьерлік) қасиеттеріне, функционализация тәсілдеріне, сондай-ақ белсенді және интеллектуалды тағамдық қаптамада қолданылуына қатысты заманауи зерттеулерді талдау.

Әдебиеттерді іздеу 2009–2024 жылдар аралығында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорларында bacterial cellulose, food packaging, active packaging, smart packaging, biocomposites кілт сөздері бойынша жүргізілді. Барлығы 120-дан астам жарияланым талданып, олардың ішінен ең өзекті 95 дереккөз іріктеліп алынды.

Зерттеулер нативті БЦ-ның негізгі шектеулері ретінде жоғары гидрофильділігін, ылғалды ортада тұрақтылығының төмендігін және өзіндік антимикробтық белсенділігінің жоқтығын көрсетеді. Бұл кемшіліктерді биополимерлерді, нанобөлшектерді және биоактивті қосылыстарды қолдана отырып, in situ және ex situ модификациялау арқылы тиімді жоюға болады. БЦ негізіндегі белсенді және интеллектуалды жүйелерге ерекше назар аударылып, олардың антимикробтық қорғауды қамтамасыз ету, антиоксиданттарды біртіндеп босату және өнімдердің балғындығын бақылау қабілеті қарастырылған.

Сонымен қатар, масштабтау мәселелері, функционалдық қоспалардың миграциясы және экономикалық тиімділікке қатысты шешілмеген проблемалар атап өтіледі. Қорытындылай келе, БЦ негізіндегі қаптамаларды әрі қарай коммерцияландыру биосинтез үдерісін, композиттердің қасиеттерін кешенді оңтайландыруды және олардың өмірлік циклін жан-жақты бағалауды талап етеді.

Түйін сөздер: бактериалды целлюлоза, биоқаптама, азық-түлік қаптама, биополимер, биокомпозит.

Авторлардың биографиясы

Малика Абдулжанова, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан; e-mail: malika.abdulzhanova1@gmail.com)

Дина Шокатаева, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан; e-mail: dina_ibrayeva_91@mail.ru)

Сирина Жантлесова, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан; e-mail: sirina.zhantlesova@mail.ru)

Балтабай Ақниет, «Жану проблемалары институты» РМК, Алматы, Қазақстан

Магистр, ғылыми қызметкер, «Жану проблемалары институты» РМК (Алматы, Қазақстан; e-mail: bakniyet@gmail.com)

Жулдыз Батыкова , Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Алматы, Қазақстан

Магистр, ғылыми қызметкер, Биология және биотехнология проблемалары ҒЗИ (Алматы, Қазақстан; e-mail: batyqova@gmail.com)

 

Как цитировать

Абдулжанова, М., Шокатаева, Д., Жантлесова, С., Ақниет, Б., & Батыкова , Ж. (2026). БАКТЕРИАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА – ТҰРАҚТЫ ТАҒАМДЫҚ ҚАПТАМАҒА АРНАЛҒАН БИОЫДЫРАЙТЫН МАТЕРИАЛ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE861202611