ШӨЛДІ АЙМАҚ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: ARTHROPHYTUM ТУЫСЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ЕМДІК ӘЛЕУЕТІНЕ КЕШЕНДІ

Авторлар

  • Айдын Нұрманбек Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8969-1132
  • Нурсулу Ахтаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9760-1763
  • Лашын Киекбаева С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9827-0129
  • Талгат Ибрагимов Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8902-9042

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120269

Аннотация

Бұл шолу мақаласы Arthrophytum Schrenk туысына (Chenopodiaceae тұқымдасы) жататын, Еуразия мен Солтүстік Африканың құрғақ аймақтарына бейімделген жартылай бұталы өсімдіктердің жан-жақты талдауы ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – Arthrophytum туысы түрлерінің таксономиясы, морфологиялық сипаттамалары, экологиялық бейімделу ерекшеліктері, биогеографиялық таралуы және фармакологиялық әлеуеті туралы қазіргі ғылыми мәліметтерді жүйелеу.

Мәліметтерді жинау үшін заманауи ғылыми дерекқорлар (SciFinder, Google Scholar, ScienceDirect және т.б.), сондай-ақ дәстүрлі көздер (ботаникалық флоралар, гербарийлік коллекциялар, этноботаникалық есептер) пайдаланылды.

Зерттеу барысында ерекше назар экологиялық бейімделгіштігі жоғары және Қазақстан аумағында эндемик түрлерге (мысалы, A. iliense, A. balchaschense, A. pulvinatum және т.б.) аударылды. Шолуға морфологиялық, анатомиялық және молекулалық зерттеулердің нәтижелері енгізіліп, олардың негізінде кейбір түрлердің таксономиялық мәртебесі нақтыланды. Атап айтқанда, A. balchaschense түрінің Haloxylon туысына қайта жіктелуі қарастырылды.

Сонымен қатар, A. schmittianum және A. scoparium тәрізді түрлердің антиоксиданттық, антимитоздық, нейропротекторлық және антидиабеттік белсенділігін сипаттайтын фармакогностикалық қасиеттері талқыланады.

Алынған мәліметтер Arthrophytum туысының шөл биоәртүрлілігінің маңызды компоненті әрі биологиялық белсенді табиғи қосылыстардың болашағы зор көзі екенін көрсетеді. Мақалада зерттеулердегі бар олқылықтар анықталып, келешек пәнаралық зерттеулер үшін (соның ішінде сақтау, орнықты пайдалану және фармакологиялық зерттеу) басым бағыттар ұсынылады.

Мақала ботаниктерге, биомедицина зерттеушілеріне, фармакологтарға, экологтарға, дәрілік өсімдіктер мен биоалуантүрлілік саласындағы мамандарға, әсіресе құрғақ аймақтардағы өсімдіктердің бейімделу стратегиясын зерттейтіндерге арналған.

Түйінді сөздер: Arthrophytum, аридті экожүйелер, морфологиялық бейімделу, Amaranthaceae, биологиялық белсенді қосылыстар, антиоксиданттық белсенділік, этнофармакология, С4 фотосинтез, Орта Азия флорасы, шөл галофиттері.

Авторлардың биографиясы

Айдын Нұрманбек, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 2-курс докторанты

Нурсулу Ахтаева, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры

Лашын Киекбаева, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы, Қазақстан

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебі, фармацевтикалық технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Талгат Ибрагимов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Как цитировать

Нұрманбек A., Ахтаева N., Киекбаева L., & Ибрагимов T. (2026). ШӨЛДІ АЙМАҚ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: ARTHROPHYTUM ТУЫСЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ЕМДІК ӘЛЕУЕТІНЕ КЕШЕНДІ . ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE86120269

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ