ТАСӨТКЕЛ СУ ҚОЙМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫНДАҒЫ СУДЫҢ ИОНДЫҚ-ТҰЗДЫҚ ҚҰРАМЫ РЕЖИМІ МЕН ДИНАМИКАСЫ (2014–2023 ЖЖ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120262

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы маңызды мелиорациялық нысандардың бірі – Жамбыл облысының Шу және Мойынқұм аудандарында ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге арналған және 42,1 мың га жерді суаруға пайдаланылатын Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасының минерализациясы мен ионды-тұздық құрамының 2014–2023 жылдардағы өзгерістері зерттелді. Зерттеу барысында негізгі салалардың (Қарабалта, Ақсу, Тоқтас) су қоймасындағы химиялық құрамның қалыптасуына әсері қарастырылды.

2014–2023 жылдар аралығында Тасөткел су қоймасындағы судың минерализациясы 289,3–714,2, шегінде өзгеріп, орташа мәні (556,9±11,0) мг/дм³ құрады, бұл Шу өзенінің жоғарғы ағысындағы орташа минерализациядан (541,5±14,0) мг/дм³ айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Алайда, Қарабалта (1316,9±51,0), Ақсу (773,4±16,8) және Тоқтас (1050,0±38,0) өзендеріндегі судың жоғары минерализациясы су қоймасының жалпы тұздылығына айтарлықтай әсер етпеді. Күз мезгілінен басқа барлық маусымдарда су қоймасының суы карбонатты-кальцийлі құрамда болды. Ал күзде судың химиялық құрамы Алекин О.А. классификациясы бойынша сульфатты класқа, екінші типтің магний немесе натрий тобына жататыны анықталды. Бұл кезеңде MgSO₄ және Na₂SO₄ тұздары басым болды, бұл су қоймасына құятын өзендердің әсерімен байланысты.

Шу өзенінің төменгі ағысында (Қонаев кенті) судың минерализациясы жоғарғы ағысқа қарағанда 80,1±13,4 мг/дм³ жоғары екені анықталды. Соңғы үш жылда (2021–2023 жж.) Сарықау (1204,6±54,7), Қарабалта (1396,9±60,2), Ақсу (812,3±23,2) және Тоқтас (1153,8±58,9) өзендеріндегі минерализацияның орташа жылдық мәні алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары болды: сәйкесінше, Сарықау (1114,0±203,4), Қарабалта (1176,9±86,8), Ақсу (725,2±21,2) және Тоқтас (925,0±49,5).

Тасөткел су қоймасындағы судың салыстырмалы түрде төмен минерализациясы (1 г/дм³-ден төмен) және кальций гидрокарбонатының басым болуы зерттелген аймақтың сортаң және сілтілі топырақтарына жағымды мелиорациялық әсер етеді. Ал Қарабалта, Тоқтас және Шу өзендерінің суын суару немесе техникалық мақсаттарда пайдалану кезінде кальций карбонаты мен кальций сульфатының қатты тұздарының түзілуі мүмкін. Әсіресе, судың қыздырылуы карбонат пен сульфат тұздарының қарқынды шөгу ықтималдығын арттырып, бұл техникалық жабдықтардың бітелуіне және қақтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Түйінді сөздер: Тасөткел, минерализация, ионды-тұздық құрам, гидрохимия, судың химиялық құрамының қалыптасуы, экология

Авторлардың биографиясы

София Романова, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты" ШЖҚ РМК, Алматы, Қазақстан

География ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК гидробиология және экотоксикология зертханасының бас ғылыми қызметкері

Айзада Серикова, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты"ШЖҚ РМК, Алматы, Қазақстан

ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК гидробиология және экотоксикология зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Рабат Махмутова, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты"ШЖҚ РМК, Алматы, Қазақстан

ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК гидробиология және экотоксикология зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Как цитировать

Романова, С., Серикова, А., & Махмутова, Р. (2026). ТАСӨТКЕЛ СУ ҚОЙМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫНДАҒЫ СУДЫҢ ИОНДЫҚ-ТҰЗДЫҚ ҚҰРАМЫ РЕЖИМІ МЕН ДИНАМИКАСЫ (2014–2023 ЖЖ.). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE86120262

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ