БАКТЕРИЯЛЫҚ ЦЕЛЛЮЛОЗАНЫ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛАРЫ ТҰРҒЫСЫНАН САЛЫСТЫРМАЛЫ ШОЛУ

Авторлар

  • Ронагуль Турганова К. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Сәтбаев университеті; Жетілдірілген материалдар ғылыми-зерттеу институты https://orcid.org/0000-0001-7538-7340
  • Рысгуль Тулеева К. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Сәтбаев университеті; Жетілдірілген материалдар ғылыми-зерттеу институты https://orcid.org/0000-0002-9691-4274

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025851

Аннотация

Бактериялық целлюлоза өсімдік текті целлюлозаға балама болып табылатын, жоғары тазалығы, кристалдылығы және биосәйкестілігімен ерекшеленетін микробтық биополимер. Бұл материалдың құрылымдық және функционалдық қасиеттері оны медицина, тағам қаптамасы, тоқыма және композиттік материалдар сияқты әртүрлі салаларда қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеуде бактериялық целлюлоза өндіруде қолданылатын негізгі микробтық штаммдар мен қоректік орталар, сондай-ақ ауылшаруашылық және өнеркәсіптік қалдықтарды көміртек көзі ретінде пайдалану мүмкіндіктері сипатталады. Тазарту әдістері (сілтілік өңдеу, беттік-белсенді заттар, ферменттік және физикалық тәсілдер) тиімділік, экологиялық жүктеме және соңғы қолдану саласына сәйкестік тұрғысынан салыстырмалы түрде қарастырылады. Салыстырмалы талдау нәтижелері көміртек көзі мен штамм таңдау, сондай-ақ тазарту әдісін бейімдеу арқылы өндіріс өнімділігі мен тазалық деңгейін арттыруға болатынын көрсетеді. Биоыдырайтын реагенттер мен қалдықсыз технологияларды енгізу бактериялық целлюлоза өндірісінің тұрақтылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Шолу мақаласында өмірлік циклдік бағалау, экологиялық қауіпсіздік, өндіріс шығындары мен соңғы қолдану талаптарын ескере отырып, бактериялық целлюлозаны өнеркәсіптік деңгейде қолдану үшін қажетті технологиялық шешімдер мен болашақ бағыттар жүйелі түрде қарастырылады. 

Кілттік сөздер: бактериялық целлюлоза; тазарту әдістері; өндіріс тиімділігі; экологиялық тұрақтылық; қолдану салалары

Авторлардың биографиясы

Ронагуль Турганова, К. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Сәтбаев университеті; Жетілдірілген материалдар ғылыми-зерттеу институты

Агроғылымдар бойынша PhD докторы,  Лотарингия университеті

Рысгуль Тулеева, К. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Сәтбаев университеті; Жетілдірілген материалдар ғылыми-зерттеу институты

Докторант, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Как цитировать

Турганова, Р., & Тулеева, Р. (2025). БАКТЕРИЯЛЫҚ ЦЕЛЛЮЛОЗАНЫ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛАРЫ ТҰРҒЫСЫНАН САЛЫСТЫРМАЛЫ ШОЛУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 85(4). https://doi.org/10.26577/EJE2025851

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ