АЩЫӨЗЕК ҚАУМАЛЫ МЕН «БӨКЕЙОРДА» ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРЫ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ)

Авторлар

  • Кленина Анастасия Ресей ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығы, Тольятти, Ресей 3 Самара хайуанаттар бағы, Самара, Ресей https://orcid.org/0000-0002-8997-3866
  • Ахмеденов Кажмурат М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7294-0913
  • Бакиев Андрей Ресей ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығы, Тольятти, Ресей Самара, Ресей https://orcid.org/0000-0002-0338-2740
  • Кузовенко Александр Самара хайуанаттар бағы, Самара, Ресей https://orcid.org/0009-0009-7296-2149
  • Кишибекова Асель М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6078-8707

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE20258437
        99 2

Аннотация

2022 жылы Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында Saiga tatarica (Linnaeus, 1766) ақбөкен популяциясын сақтау мақсатында құрылған Республикалық маңызы бар «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы мен Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарында бауырымен жорғалаушылардың кездесу уақыты мен координаттары келтірілген. Мәлімет ретінде 2018, 2022, 2023, 2025 жылдардағы авторлардың зерттеу нәтижелері мен әдеби мәліметтер пайдаланған. Аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жалпы саны 62 нүктелерінде  бауырымен жорғалаушылардың 8 түрінің кездесуі тіркелген: тақыр жұмырбас кесірткесі Phrynocephalus helioscopus (Pallas, 1771); құлақты жұмырбас кесірткесі Phrynocephalus mystaceus (Pallas, 1776); түрлітүсті кесірт Eremias arguta (Pallas, 1773); секіргіш кесіртке Lacerta agilis Linnaeus, 1758; құм айдаһаршасы Eryx miliaris (Pallas, 1773); кәдімгі сарыбас жылан Natrix natrix (Linnaeus, 1758); өрнекті қарашұбар жылан Elaphe dione (Pallas, 1773); шығыс дала сұржыланы Vipera renardi (Christoph, 1861). Ащыөзек қаумалының герпетофаунасына түрлітүсті кесірт, секіргіш кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, өрнекті қарашұбар жылан және шығыс дала сұржыланы кіреді. "Бөкейорда" МТҚ-ның "Аралсор" учаскесінің герпетофаунасына тақыр жұмырбас кесірткесі, түрлітүсті кесірт, секіргіш кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, өрнекті қарашұбар жылан және шығыс дала сұржыланы кіреді. "Бөкейорда" МТҚ-ның "Жаңақала" учаскесінің герпетофаунасына құлақты жұмырбас кесірткесі, түрлітүсті кесірт, құм айдаһаршысы кіреді. Қате белгілеген болуы мүмкін алдыңғы зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес "Бөкейорда" табиғи резерватының аумағында су жыланы Natrix tessellata (Laurenti, 1768) біздің зерттеулерімізде "Бөкейорда" резерватында да, оған жақын орналасқан Ащыөзек қаумалында да кездеспеді. Кездескен бауырымен жорғалаушылардың ақбөкенмен мүмкін болатын экологиялық байланыстары қарастырылды.

Түйін  сөздер: кесірткелер, жыландар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Батыс Қазақстан облысы, ақбөкен

Авторлардың биографиясы

Кленина Анастасия, Ресей ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығы, Тольятти, Ресей 3 Самара хайуанаттар бағы, Самара, Ресей

Биология  ғылымдарының  кандидаты,  Ресей Ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығының зоология және паразитология зертханасының ғылыми қызметкері

Ахмеденов Кажмурат, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан

География ғылымдарының кандидаты, профессор, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры

Бакиев Андрей, Ресей ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығы, Тольятти, Ресей Самара, Ресей

Биология  ғылымдарының  кандидаты, Ресей Ғылым академиясының Самара федералды зерттеу орталығының зоология және паразитология зертханасының аға ғылыми қызметкері

Кузовенко Александр, Самара хайуанаттар бағы, Самара, Ресей

Биология  ғылымдарының  кандидаты, Самара хайуанаттар бағы директорының даму және ғылыми-ағарту работе жөніндегі орынбасары

Кишибекова Асель, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан

Магистр, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімінің сарапшысы

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Анастасия, К., Кажмурат, А., Андрей, Б., Александр, К., & Асель, К. (2025). АЩЫӨЗЕК ҚАУМАЛЫ МЕН «БӨКЕЙОРДА» ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРЫ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 84(3). https://doi.org/10.26577/EJE20258437

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ