АНТРОПОГЕНДІК ӘРЕКЕТТІҢ ӘСЕРІНЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКЗОГЕОМОРФОГЕНЕЗІНІҢ ЗАМАНАУИ ПРОЦЕСТЕРІ.
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE2025855Аннотация
Адамның шаруашылық қызметі қазіргі ландшафтты қалыптастыратын негізгі фактор болып табылады. Қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін табиғи ортаға техногендік әсердің барлық түрлерін — тікелей және жанама — жан-жақты ескеру қажет. Осыған байланысты өзгермелі климат және антропогендік қысым жағдайында экогеоморфогенез үдерістерін зерттеу аса өзекті болып отыр және қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау жолындағы басым міндеттердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл мақалада қазіргі антропогендік әсер жағдайындағы Қостанай облысының экогеоморфогенез ерекшеліктері қарастырылады. Адамның шаруашылық әрекеті, соның ішінде жер пайдалану, ауыл және орман шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру сияқты факторлар әсерінен рельефтің қалыптасуы мен өзгеру үдерістері талданады. Бұл өзгерістердің табиғи ортаға әсері: эрозиялық үдерістердің күшеюі, су режимінің өзгеруі, топырақтың деградациясы және экожүйелердің тұрақтылығының бұзылуы сипатталады. Ландшафттардың өзгеру үдерісіндегі геоморфологиялық және экологиялық факторлардың өзара әрекеттестігіне ерекше назар аударылады. Қостанай облысындағы геоморфогенетикалық үдерістердің қазіргі жағдайына қорытынды жасалып, антропогендік әсердің теріс салдарын азайту бойынша ұсыныстар берілген.
Түйінді сөздер: экогеоморфогенез, Қостанай облысы, геология, геоморфология, геологиялық-литологиялық ерекшеліктер.









