АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ БІР ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ҚҰСТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE202584314Аннотация
Бұл мақалада Аксу-Жабағылы қорығының Талдыбұлақ шатқалындағы құс қауымдастығы құрылымының 1996-2025 ж. аралығындағы өзгерістері зерттеледі. Нәтижелер 11 жыл бойы маусым айының соңғы аптасында жүргізілген санақ деректеріне негізделді (1996-2000, 2002, 2004, 2006, 2008, 2012 және 2025). Құстарды санау тұрақты маршрут бойымен, тек таңертеңгі уақытта, бір санақшымен жүргізілді. Аталған кезеңде құстың 34 түрі тіркелді; олардың ішінен небәрі 12 түр орнитофаунаның тұрақты «өзегін» құрады, ал қалғандары жыл сайын ұяламайтын немесе қорек үшін қоныс аудару кезеңінде ғана кездесетін түрлер болды. Кейбір құстар, мысалы алаторғай Sturnus roseus соңғы кезде, қыстың кей мезгілдерінде үлесі артып отырды. Құстардың түр аулуандығы (8-19) ғана емес, саны да (12.3-198.8 дарақ/сағ) әр жылда да, бір маусым ішінде де айтарлықтай құбылып отырды. Бақыланған өзгерістер негізінен табиғи сипатта болды, дегенмен адам ықпалының аздаған артуы да байқалды. Мысалы, ХХІ ғ. басынан бері қарабас құрқылтай (Remiz coronatus) мен кәдімгі сушылқараның (Cinclus cinclus) саны туристер ағынының көбеюімен қатар едәуір азайғаны байқалды.
Түйін сөздер: Ақсу-Жабағылы қорығы; Талдыбұлақ шатқалы; авифауна; құстар қауымдастығының құрылымы; рекреациялық әсер; фенология
