ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ (СОЛТҮСТІК ТЯНЬ-ШАНЬ, ҚАЗАҚСТАН) ШАТҚАЛДАРЫНДАҒЫ БИІК ТАУЛЫ КӨЗДЕРДІҢ СУЛАРЫНЫҢ УЫТТЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН D. MAGNA-ҒА АРНАЛҒАН ЖЕДЕЛ УЫТТЫЛЫҚ СЫНАҒЫ АРҚЫЛЫ БАСТАПҚЫ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE2025857

Аннотация

Таулы криосфера – Алматы агломерациясының және Алматы облысының ауылшаруашылық, өнеркәсіптік аумақтарының басты су көзі. Осыған орай, Іле Алатауының биік таулы аймақтарын экотоксикологиялық тұрғыдан бағалаудың Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы үшін маңызы зор. Осы зерттеуде ЕҚЫҰ ұсынған D.magna-ға арналған жедел уыттылық тесті Алматы қаласынан жоғары орналасқан Күйгенсай шатқалы мен салыстырмалы Орта Түрген шатқалының беткі суларының уыттық әлеуетін бағалау мақсатында пайдаланылды. Зерттеуге теңіз деңгейінен 2400-3500 м биіктіктегі мореналық көлдер, биік тау көлдері, бұлақтар және өзендердің негізгі арналары енгізілді. Орта Түргеннің биік таулы көлдері мен салаларынан алынған су сынамаларын зерттеу кезінде айтарлықтай уытты әсер байқалмады, ал Титов мореналық көлінен (Күйгенсай өзенінің бастауы), Күйгенсай өзенінің негізгі ағысынан және оның биік таулы бұлақ-саласынан алынған сынамалар жас дафнияларға статистикалық тұрғыдан расталған жедел уытты әсер етті.  D.magna-ның иммобилизациясы/өлімі деректері бойынша индекстеу Күйгенсай өзенінің бастауын «орташа уытты» және «уытты» деп сипатталатын уыттылық класына жатқызады. Осыған орай, Алматы агломерациясын биік таулы аймақтарды ластаушы негізгі көз деп санауға негіз бар. Бұл мәліметтер Іле Алатауы тау сілеміндегі мұздықтар мен биік таулы су ресурстарының ластану саласындағы зерттеулерді жалғастыруға жол ашады.

Түйін сөздер: биік таулы су көздері, биотестілеу, D.magna, уыттылықты бағалау, Іле Алатау

Авторлардың биографиясы

Мария Суворова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы

Гүлжан Ерубаева, Тұран Университеті

Биология ғылымдарының кандидаты, Тұран университетінің гуманитарлық және құқықтық ғылымдар факультетінің деканы

Александр Ергешов, Тұран Университеті

Ғылым магистрі, Тұран университетінің гуманитарлық және құқықтық ғылымдар факультетінің оқытушысы

Как цитировать

Суворова M., Ерубаева G., & Ергешов A. (2025). ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ (СОЛТҮСТІК ТЯНЬ-ШАНЬ, ҚАЗАҚСТАН) ШАТҚАЛДАРЫНДАҒЫ БИІК ТАУЛЫ КӨЗДЕРДІҢ СУЛАРЫНЫҢ УЫТТЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН D. MAGNA-ҒА АРНАЛҒАН ЖЕДЕЛ УЫТТЫЛЫҚ СЫНАҒЫ АРҚЫЛЫ БАСТАПҚЫ БАҒАЛАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 85(4). https://doi.org/10.26577/EJE2025857

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ