ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE20258512Аннотация
Бұл мақалада Қазақстанда және бүкіл әлемде қатты өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің қолданыстағы және қазіргі уақытта қолданылатын әдістері мен тәсілдерінің талдауы ұсынылған. Онда мәселенің негізі мен ұлттық маңызы қарастырылған. Онда ғылыми және технологиялық қажеттіліктер анықталған, нәтижелердің ғылым мен техниканың дамуына әсерін анықтаған және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер анықталған. Қатты қалдықтарды өңдеудің техникалық және экономикалық бағасы берілген, әсіресе қалдықтарды кешенді өңдеуге баса назар аударылған.
Шолу соңында қысқаша қорытынды берілген. Қолданыстағы зерттеулерді талдау кеуекті және жоғары кеуекті керамикалық материалдардың физикалық және механикалық, әсіресе жылулық қасиеттерін жақсартудың әлеуетті ресурстарының бірі олардың құрылымы мен кеуектілігін реттеу екенін көрсетті.
Кілт сөздер: экология, қайта өңдеу, жою, қалдықтар, керамика









