ФИТОРЕМЕДИАЦИЯ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ҮШІН КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ МИКРОБТЫҚ ШТАМДАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ СИПАТТАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE86120261Аннотация
PGPM микроорганизмдерінің сипаттамасы биоинокулянттар ретінде штамм түрлерін таңдаудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл зерттеуде мұнаймен ластанған топырақта өсірілген өсімдіктер ризосферасынан, топырағынан және өсімдік ұлпаларынан бөлініп алынған 98 изоляттардың PGPM қасиеттері бағаланды. Зерттелген 98 изоляттың 21,4% - протеолитикалық белсенділігі, 24,4% - амилолитикалық және 9,2% целлюлозолитикалық белсенділікке ие екені спецификалық субстраттары бар агарлы орталарында анықталды. Бастапқы іріктеуден кейін жоғары екі немесе үштік гидролитикалық белсенділікті көрсеткен 20 изолят (N9, N11, MSM12, MSM3, MSM20, MSM21, MSM25, MSM20, V16, L5-2, L5-5, L5-6, L10-2, L10-6, L10-12, L10-10, KP5, KB9, KP10 және C10) іріктеліп алынды Сатылап скрининг жүргізу әдістемесі PGPR-қасиеттері бар, өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ететін бірнеше немесе бірден артық қасиеттерді көрсеткен штаммдарды іріктеп алуға мүмкіндік берді. Оларға мыналар жатады: фитогормондар өндіру, азотты фиксациялау, ИСҚ секрециясы, темірдің хелаттаушы қосылыстарын өндіру, фосфаттарды еріту және гидролитикалық ферменттерді синтездеу. Сондықтан PGPR-қасиеттері бар көпфункционалды штаммдар мұнаймен ластанған топырақтардың фиторемедиациясының тиімділігін арттыру үшін ең перспективалы инокулянттар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Түйінді сөздер: ИСҚ, өсімдіктердің өсуіне ықпал ететін бактериялар, сидерофорлар, фитогормондар, фосфаттар, азотты бекіту, протеаза, целлюлаза, амилаза.









