ІЛЕ АЛАТАУЫНДА ӨСЕТІН EREMURUS ROBUSTUS ЖӘНЕ E. TIANSCHANICUS ТҮРЛЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120268

Аннотация

Eremurus (Asphodelaceae) туысы — Орталық Азия флорасының сәндік мәні жоғары және халық медицинасында қолданылуы жағынан маңызды топтарының бірі. Алайда бұл туыс өкілдерінің әртүрлі экотоптардағы анатомиялық құрылысы жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Жұмыстың мақсаты – Іле Алатауы аумағында өсетін екі түрдің салыстырмалы анатомиялық талдауын жүргізу болды. Зерттеу материалы ретінде 70%-дық спиртте бекітіліп, парафинге құюдың стандартты гистологиялық әдісі бойынша өңделген өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары алынды. Қалыңдығы 40 мкм көлденең кесінділер микротомның көмегімен дайындалып, жарық микроскопиясы әдісі арқылы зерттелді және сандық фотобекіту жүргізілді. Морфометриялық өлшемдерге эпидермис қалыңдығы, палисадты мезофилл өлшемдері, жапырақтағы су жинаушы жасушалардың диаметрі, сондай-ақ сабақтағы эпидермис қалыңдығы, алғашқы қабық жасушалары мен су жинаушы элементтердің мөлшері кірді. Зерттеу нәтижесінде екі түрдің де ксероморфтық белгілерге ие екені анықталды: қалың кутикуласы бар бір қабатты эпидермис және терең орналасқан устьицалар, палисадты мезофилл мен жапырақтағы су жинаушы жасушалар, жақсы дамыған өткізгіш шоқтар. Сабақ бөлігінде тығыз эпидермис, алғашқы қабық және су жинаушы жасушалары бар коллатеральды шоқтар анықталды. Түрлер арасында айырмашылықтар байқалды: бірінші түрде алғашқы қабық жасушалары мен су жинаушы элементтер ірілеу, бұл оның ылғал қорын сақтауға бейімделу стратегиясын көрсетеді; ал екінші түрде палисадты мезофилл жақсырақ дамыған және ұлпа өлшемдерінің тұрақтылығы байқалады, бұл фотосинтетикалық типтегі бейімделуді білдіреді. Алынған нәтижелер Eremurus туысының экологиялық икемділігі мен түрішілік өзгергіштігін Орталық Азияның таулы және таулы етегіндегі экожүйелер жағдайында нақтылауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Asphodelaceae, адаптация, анатомия, Eremurus, Іле Алатауы.

Авторлардың биографиясы

Камилия Даулет, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

«Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша докторант, ботаника және агроэкология кафедрасы, биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Бектемір Осмонали, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

PhD, өсімдіктер дүниесінің кадастры зертханасының меңгерушісі, Ботаника және фитоинтродукция институты

Салтанат Назарбекова, Ботаника және фитоинтродукция институты, Алматы, Қазақстан

Профессор, ботаника және агроэкология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Михаил Скапцов, Оңтүстік Сібір ботаникалық бағы, Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул, Россия

б.ғ.к., Алтай мемлекеттік университеті Оңтүстік-Сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері

Как цитировать

Даулет K., Осмонали B., Назарбекова S., & Скапцов M. (2026). ІЛЕ АЛАТАУЫНДА ӨСЕТІН EREMURUS ROBUSTUS ЖӘНЕ E. TIANSCHANICUS ТҮРЛЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE86120268

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ