ЖҮГЕРІ РИЗОБАКТЕРИЯЛАРЫ - ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БИОИНОКУЛЯНТТАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE20258511

Аннотация

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында саласы топырақ деградациясы, қоректік элементтердің азаюы және фитопатогендердің таралуы сияқты экологиялық қиындықтар жиі туындайды. Осы мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерінің бірі – өсімдіктердің өсуін ынталандыратын ризобактерияларды (PGPR) қолдану. Осы зерттеу жұмысы жергілікті экологиялық жағдайға бейімделген жүгері (Zea mays L., КазЗП 200) ризосферасынан бөлініп алынған автохтонды бактериялардың биологиялық белсенділігін жан-жақты бағалауға бағытталды. Алынған 25 бактериялық изоляттың ішінде 15 грамтеріс және 10 грамоң штамм анықталды. Алдын ала жүргізілген скрининг олардың өсімдікке пайдалы қасиеттерін салыстыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде ең тиімді деп танылған екі перспективалы штамм - BJ14 және BJ18 зерттеуге таңдалып алынды. Бұл штаммдардың функционалдық әлеуеті бірнеше биологиялық көрсеткіш бойынша бағаланды: индол-3-сірке қышқылының (ИСҚ) синтезі, ерімейтін фосфатты өсімдікке қолжетімді формаға айналдыру қабілеті, атмосфералық азотты фиксациялау және фитопатогендерге қарсы антагонистік әсер. BJ18 ең жоғары ИСҚ мөлшерін (61.4 мг/мл) өндіруі және фосфатты тиімді еріту қабілетін көрсетті. Ал BJ14 изоляты екі фитопатогенге қарсы да ең жоғары ингибициялық әсер көрсетіп, Pythium spp. өсуін 73%, ал Alternaria alternata дамуын 62–63% деңгейінде тежеп, тұрақты әрі айқын биобақылау белсенділігімен ерекшеленді. Зерттеу нәтижелері бұл ризобактериялардың өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіруін жақсартуда, олардың өсуін ынталандыруда және фитопатогендердің дамуын тежеуде жоғары тиімділікке ие екенін көрсетті. Мұндай көпфункционалды штаммдар ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштар мен фунгицидтерді алмастыра алатын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз биоинкулянттарды әзірлеуге нақты мүмкіндік береді. Алынған деректер тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларын қалыптастыруда жергілікті PGPR штаммдарының маңыздылығын айқындайды.

Түйін сөздер: ризобактериялар, PGPR, индол-сірке ұышұылы, фосфат еріту, мырыш солюбилизациясы, антагонистік белсенділік

Авторлардың биографиясы

Жұлдыз Батықова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

PhD студент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аида Кистаубаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Б.ғ.к., профессор, Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Лайла Сайдуллаева , М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті

PhD студент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті

Улжан Ережетова , Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Магистр, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті оқытушысы

Малика Абдулжанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

PhD, Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жадыра Наурызбаева, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Магистр, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті оқытушысы

Как цитировать

Батықова, Ж. ., Кистаубаева, А., Сайдуллаева , Л., Ережетова , У., Абдулжанова, М., & Наурызбаева, Ж. (2025). ЖҮГЕРІ РИЗОБАКТЕРИЯЛАРЫ - ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БИОИНОКУЛЯНТТАРЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 85(4). https://doi.org/10.26577/EJE20258511