БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ

Авторлар

  • Ақнұр Тоқтыбай Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7420-3458
  • Дамыс Салауат Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0009-2602-6667
  • Кенжегүл Болатхан Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7133-6546
  • Сандуғаш Сандыбаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4340-8749
  • Гүлнәз Ахметова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5747-1557
  • Әсем Құрметхан Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-6023-6667
  • Санжар Санатов Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-9775-3522
  • Болатхан Заядан Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4572-2416
  • Pavel Hrouzek Чехия Ғылым Академиясының микробиология институты, Алгатех орталығы, Требонь, Чехия Республикасы https://orcid.org/0000-0002-2061-0266

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120267

Аннотация

Бұл жұмыста Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлорасының түрлік құрамы анықталып, келешегі мол микробалдырлар мен цианобактериялардың жаңа дақылдары бөлініп алынып, олардың морфологиялық, дақылдық және физиологиялық қасиеттері зерттелді. Талдау нәтижесінде Балқаштың шығыс жағалауынан алынған су сынамаларының альгофлора құрамында диатомды балдырлар (Bacillariophyta) 40,33%, жасыл балдырлар (Chlorophyta) 32%, көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta) 19,33% және эвгленалық балдырлар (Euglenophyta) 8,33% құрады. Олар 4 бөлімге, 6 классқа, 6 қатарға, 11 тұқымдасқа және 22 туысқа жататындығы анықталды. Микробиологиялық әдістері негізінде микробалдырлар мен цианобактериялардың 8 аксеникалық таза дақылдары бөлініп алынып, олар Oscillatoria sp, Nostoc sp, Arthrospira sp, Anabaena sp, Chlorella vulgaris, Parachlorella kessleri, Dunaliella salina, Navicula sp. болып анықталды. Әр дақыл үшін өсірудің оңтайлы жағдайлары анықталды. Бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының өсу қарқындылығы BG-11, Заррука қоректік орталарында рН 7 - 9 кезінде 28-32°С оптималды температура аралығында байқалды. Ал, бөлініп алынған микробалдыр дақылдары, Тамия, Артария және BG-11 қоректік орталарында рН 6,5–7,5 кезінде 27°C -30°C температура аралығында тиімді өсу көрсеткішін көрсетті. Бұл таза дақылдар өндірістік биотехнологияда, атап айтқанда биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуде ерекше қызығушылық тудыратын объект болып табылады.

Кілт сөздер: альгофлора, аксеникалық таза дақылдарды бөлу, микробалдырлар мен цианобактерия дақылдары, тұзды көл.

Авторлардың биографиясы

Ақнұр Тоқтыбай, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Биология және биотехнология проблемаларының ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері ҚР ҒЖБМ

Дамыс Салауат, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы "8D08401-балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандығының 3-курс PhD докторанты

Кенжегүл Болатхан , Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының ассоциирленген профессоры

Сандуғаш Сандыбаева, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы

Гүлнәз Ахметова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы

Әсем Құрметхан, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Биология және биотехнология проблемаларының ҒЗИ қызметкері ҚР ҒЖБМ

Санжар Санатов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экологиялық биоинженерия» мамандығының 1 курс магистранты

Болатхан Заядан, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Биология ғылымдарының докторы, , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының профессоры, ҰҒА-ң Академигі

Pavel Hrouzek , Чехия Ғылым Академиясының микробиология институты, Алгатех орталығы, Требонь, Чехия Республикасы

Ph.D. Балдырлар биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі, Чехия Ғылым Академиясының Микробиология институты- Algatech орталығы

Как цитировать

Тоқтыбай, А., Салауат, Д., Болатхан , К., Сандыбаева, С. ., Ахметова, Г., Құрметхан, Ә., Санатов, С., Заядан, Б., & Hrouzek , P. . (2026). БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE86120267

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ