ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫҢ САЛЫТЫРМАЛЫ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120264

Аннотация

Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылатын Өскемен қаласында түсті металлургия және жылу энергетика кәсіпорындарының ұзақ жылдық қызметі топырақта ауыр металдардың жиналуына әкеліп, тұрақты техногендік ластану ошақтарын қалыптастыруда. Мұндай ластаушылардың ішінде қорғасын (Pb), кадмий (Cd), мыс (Cu) және мырыш (Zn) ерекше қауіпті, себебі олар топырақта ұзақ сақталып, биожүйелерге жинақталып, экожүйе мен адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты – Өскемен қаласының өнеркәсіптік аймақтарындағы топырақтағы ауыр металдардың нақты концентрациясын анықтап, оларды Қазақстан Республикасында бекітілген шекті рұқсат етілген концентрациялармен (ШРК) салыстыру, сондай-ақ аймақтың экологиялық тәуекел деңгейін бағалау. Сонымен қатар алынған нәтижелер өнеркәсіптік аумақтарда тіркелген концентрацияларды фондық аймақтағы табиғи деңгейлермен салыстыруға мүмкіндік береді, бұл техногендік жүктеменің нақты ауқымын бағалауда маңызды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы – өнеркәсіптік ластану деңгейі жоғары аймақтағы топырақтың нақты жағдайын көрсететін жаңа деректерді ұсынуы және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауға қажетті ғылыми негіз қалыптастыруы. Әдістеме ретінде 0–20 см тереңдіктегі топырақ қабатынан сынамалар алу, оларды ISO 11466 стандарты бойынша қышқылды еріту әдісі арқылы дайындау және атомдық абсорбциялық спектрометрия (AAS) көмегімен Pb, Cd, Cu және Zn концентрацияларын анықтау қолданылды.

Нәтижелер көрсеткендей, өнеркәсіптік аймақтағы топырақтарда Pb және Cd мөлшері ШРК-дан тиісінше 5–11 есеге, Zn және Cu – 2–5 есеге дейін артық, ал фондық аймақтағы концентрациялар нормативтерге сәйкес келеді. Фондық аймақта анықталған табиғи деңгейлермен салыстыру ауыр металдардың жинақталуы тек өнеркәсіптік нүктелерге тән техногендік әсер нәтижесінде қалыптасқанын дәлелдейді және ластану көздерінің кеңістіктік айырмашылықтарын нақты көрсетеді. Бұл өнеркәсіптік объектілердің техногендік әсерінің жоғары екенін және аймақта ауыр металдардың миграция қаупінің бар екенін дәлелдейді. Зерттеудің құндылығы – ластаушы көздердің нақты үлесін анықтауға, экологиялық мониторинг жүргізуге және қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін сандық мәліметтер беруінде.

 Жұмыстың практикалық маңызы – алынған нәтижелерді өнеркәсіптік аумақтарды экологиялық тұрғыдан бағалау, қауіп деңгейлері бойынша зонирлеу және ремедиация бағдарламаларын әзірлеу барысында қолдануға болатындығында.

Түйін сөздер: ауыр металдар, топырақ ластануы, атомдық абсорбциялық спектрометрия, шекті рұқсат етілген концентрация, Өскемен.

Авторлардың биографиясы

Асанәлі Қабдулмәжитұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының докторанты, Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

Айна Рысмагамбетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

РһD, доцент м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жанар Рахымжан, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экология мамандығы бойынша PhD, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының доцент м.а., Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әсел Мурзалимова, «Шәкәрім университеті» КеАҚ

PhD. Шәкәрім Атындағы Университет, Химия Және Экология Кафедрасының доценті м. а.

Румия Тазитдинова, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экология мамандығы бойынша PhD, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

Как цитировать

Қабдулмәжитұлы, А., Рысмагамбетова, А., Рахымжан, Ж., Мурзалимова, Ә., & Тазитдинова, Р. (2026). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫҢ САЛЫТЫРМАЛЫ ДЕҢГЕЙЛЕРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 86(1). https://doi.org/10.26577/EJE86120264

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ