Тастамбек Қ.Т., Акимбеков Н.Ш., Цяо Сяохуэй, Бердіқұлов Б.Т., Жұбанова А.А. Қоңыр көмір негізінде жоғары сапалы түтінсіз және күлділігі аз брикет алудың биотехнологиялық аспектілері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., *е-mail: tastambeku@gmail.com

Авторлар

  • Тастамбек Қ.Т., Акимбеков Н.Ш., Цяо Сяох Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
        88 59

Аннотация

Көмірді қайта өңдеудің биотехнологиялық процестері, оның ішінде қайта өңдеу,
трансформация, конверсия түрлі қатты, сұйық немесе газ тәрізді отын түрлерін және өнімдерді
алуға, оның техникалық-тұтынушылық ерекшеліктерін білуге бағытталуы мүмкін. Коммуналдықтұрмыстық және өнеркәсіп секторында жанатын көмір отынының күкірт қосылыстары мен түтіні
аз, күл көлемі төмен және құрылымды-гранулометрикалық құрамының болуы өнімдерді «түтінсіз
отын» немесе «брикеттер» деген атауларға біріктіреді.
Сондай-ақ көмірді генетикалық модифицирленген немесе аборигенді микроорганизмдерді
қолдана отырып қайта өңдеудің тағы бір негізгі бағыты ипритті және органикалық күкіртті
жою көмегімен энерготехнологиялық түрде қолдану үшін қызметтік және экологиялық
сипатттамаларын жақсарту болып табылады. Биотехнологиялық тәсілдемелер жасауда
бактериялар мен саңырауқұлақтардың әртүрлі топтарын қолданады, ал үдеріс оттегінің
қатысуымен мезофильді және термофильді жағдайда да орындала беруі мүмкін.
Қазіргі таңда көбірек қызығушылық тудырып отырған үдерістің бірі биодесульфуриздеу,
яғни көмірден күкіртті алып тастау негізінде жаңа биотехнологиялық әдістер жасалынып жатыр.
Құрамына симбиотикалық комменсал-микроорганизмдер кіретін биоценоздар мен микробтар
экожүйесі табиғи биодесульфуризаторлар болып саналады.
Атап өткен себептерге байланысты қатты отын өндіруде, оның ішінде түтінсіз отын өндіруде
жаңа пайдалы технологияларды зерттеу және жасап шығару өзекті мәселенің дер кезіндегі
шешімі болады.
Түйін сөздер: көмір, микроорганизм, биосолюбилдеу, күкіртсіздендіру, түтінсіз отын

Жүктелулер

Как цитировать

Акимбеков Н.Ш., Цяо Сяох, Т. Қ. (2018). Тастамбек Қ.Т., Акимбеков Н.Ш., Цяо Сяохуэй, Бердіқұлов Б.Т., Жұбанова А.А. Қоңыр көмір негізінде жоғары сапалы түтінсіз және күлділігі аз брикет алудың биотехнологиялық аспектілері: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., *е-mail: tastambeku@gmail.com. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 52(3), 36–44. вилучено із https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/779

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ