Оценка использования свалочного газа в Республике Казахстан
Аннотация
Қазақстан Республикасында тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі
шешілу жолында. Сол себептен, қоқыс газын алу және пайдалану өте
өзекті мәселе болып табылады. Мысалы, Халықаралық энергетикалық
ұйымның мәліметі бойынша, бір полигоннан алынатын газ, 200 мың
пәтерді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады және ол жаңа
энергия көзі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды энергия көзі ретінде
пайдалану жақын арада қолдану үстінде. Сонымен қатар, биогазды
өндіру «жасыл экономика» бағытында өте өзекті болып табылады. Егер
біз ауыл шаруашылығы қалдықтарын, Қазақстан Республикасының
энергия өндірісінің теориялық әлеуеті ретінде қарастыратын болсақ,
онда өсімдік, мал қалдықтарынан, коммуналдық қалдықтарынан,
сұйық және қатты қалдықтардан және ағынды сулардың тұнба
қалдықтарынан энергия алуын анықтайтын «биомасса энергиясы»
деген түсінік қалыптасады. Қоқыс газы – биогаз сорттарының бірі. Ол
полигоннан тұрмыстық қалдықтарды тығыздау нәтижесінде алынады.
Полигондағы қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс газының түзілуі және
қоршаған ортаға әсерін барынша азайту сұрақтары өте өзекті болып
табылады. Газды өндіру және келешекте пайдалану экологиялық
және экономикалық тұрғыдан ең қолайлы және ақылға қонымды
перспективалы шешімдер болып табылады. Қоқыс газды өндіру және
тасымалдау жөніндегі қымбат іс-шаралар тұтас кешенді талап етеді.
Түйін сөздер: биогаз, жасыл экономика, қоқыс газы, қоқыс
үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтар.