Ақтау қаласы аумағының шегіндегі Каспий теңізінің теңіз бөлігінің экологиялық мониторингі
DOI:
10.26577/EJE.2020.v62.i1.07Аңдатпа
Мақалада Ақтау қаласы аумағының шегінде Каспий теңізінің теңіз бөлігін зерттеу кезеңдерінің нәтижелері берілген. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің көптеген зерттеулеріне қарамастан, әлі күнге дейін теңіз аудандарының зерттелу дәрежесі және тікелей бақылаулардың
деректері өте аз. Осыған байланысты Каспий акваториясын зерттеу өзекті және уақытылы
болып табылады. Бұл зерттеулер қоршаған ортаның сапасын басқару бойынша іс-шараларға
ықпал етуі мүмкін. Каспий экожүйесінің жағдайы дағдарыс алдында деп бағаланады және мұнай
өндіру үшін солтүстік-шығыс бөлігінің таяз суларын игерудің жоспарлануына байланысты табиғи
ортаға ірі ауқымды басып кіру нәтижесінде нашарлауы мүмкін. Гидрофизикалық өлшеулер
дрейфтегі катамаран бортынан, «Ақтау» 3-ші учаскесіндегі станцияда ғана жүргізілді. Төрт
тілік орындалды, әрбір тілік төрт гидрологиялық станциядан (ГС) тұрды, сынамаларды іріктеу
су бетінде төрт нүкте станциялардан жүргізілді. Портативті метеорологиялық станция Ақтау
портынан солтүстікке қарай яхт-клуб айлағында теңіз деңгейінен 5 м биіктікте орнатылды. Әрбір
гидрологиялық станцияда гидрофизикалық және гидрохимиялық өлшеулер, сондай-ақ кейінгі
зертханалық талдаулары бар су сынамаларын іріктеу жүргізілді. Гидрохимиялық параметрлерді
анықтау экспедициялық практикада қабылданған стандартты әдістемелер бойынша анықталды.
Анықтамалар сүзілмеген сынамаларда жүргізілді. pН шамасы потенциометриялық әдіспен
анықталды. Жалпы сілтілікті анықтау түстік ұшымен тікелей титрлеу әдісімен жүргізілді. Еріген
органикалық емес фосфордың мөлшері колориметриялық әдіспен жүргізілді. Бұл зерттеулер
қоршаған ортаның сапасын басқару бойынша іс-шараларға ықпал етуі мүмкін.
Түйін сөздер: Каспий теңізі, акватория, тұздылық, фенолдар, көмірсутектер, мониторинг.








