Өзгермелі антропогенді жүктеме жағдайындағы Іле өзеніндегі гидробионттар алуантүрлілігі
DOI:
10.26577/EJE.2020.v62.i1.08Аңдатпа
Іле өзені Азияның ең ірі ветландтарының бірі. Дельта мен іргелес аумақтың экожүйелерінің
жағдайы осыдан 30 жыл бұрын дабыл қаға бастады. 2018 жылы дельтаның шығыс бөлігі БалқашІле мемлекеттік табиғи резерватының аумағына енгізілді. Жүргізілген зерттеудің мақсаты
гидробионттардың заманауи алуантүрлілігін анықтау болды. Стандартты гидробиологиялық
әдістемелер бойынша материалдарды жинау 2019 жылдың көктемінде және жазында жүргізілді.
Әр түрлі биотоптар зерттелді: өзен, Балқаш көлінің жағалау бөлігі. 2019 ж. көктемінде барлық
зерттелген учаскелерде аммонийдің құрамы жоғары екендігі анықталды. Фитопланктон
құрамында 31 түр бар, зоопланктон құрамында – тек 2 ғана, бентос құрамында – 12 түр бар. Таяз
сулардағы балықтардың түрлік алуантүрлілігі көбінесе қысқа циклды кәсіптік емес 6 балықтан
тұрады. Жалпы барлық топтағы гидробионттардың анықталған алуантүрлілігі дағдарысқа дейінгі
кезеңде болған түрлерден айтарлықтай аз болды. Қалыптасқан алуантүрлілік Іле өзені дельта
экожүйесінің қолайсыз жағдайын көрсетеді. Біз алған деректер дельтаның табиғи экожүйелерін
сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды бағалау үшін базалық нүкте болып
табылады.
Түйін сөздер: Іле өзені дельтасы, гидробионт, планктон, бентос, ихтиофауна.








