Изучение влияния азотфиксирующих цианобактерий на показателей роста сорта клубники Strawberry Sunrise T-4

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v64.i3.01
        91 0

Аннотация

Мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фототрофты микроорганизмдер
коллекциясынан алынған цианобактерияның бес штаммының нитрогеназа белсенділігі және
олардың құлпынайдың өсу көрсеткіштеріне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген.
Азотфиксациялаушы цианобактериялар Anabaena variabilis R-I-5, Anabaena sp. 7912, Anabaena sp. Z-1, Nostoc calsicola RI-3, Nostoc sp. S-2 штаммдарымен зерттеу жүргізілді және
алынған нәтижелерге сәйкес Anabaena variabilis R-I-5 штаммында нитрогеназаның жоғары
белсенділігі тіркелді. Anabaena variabilis R-I-5 штаммының әртүрлі концентрациядағы
клеткаларының құлпынай Strawberry Sunrise T-4 сортының өсуіне әсерін зерттеген тәжірибеде,
оның 24х106 клетка (кл)/мл және 48х106 кл/мл суспензиясы құлпынайдың өсу көрсеткіштеріне
оң әсерін беретіндігі анықталды. Сонымен қатар, цианобактерия биомассасының 24х106 кл/
мл суспензиясында құлпынай тамырларының санының өсуі байқалды. Зерттеудің 48х106
кл/мл мөлшердегі суспензиясында құлпынай жапырақтарының санының көбеюі, тамырдың
ұзындығының өсуі, сабақтарының биіктігі тіркелді және құлпынайдың құрғақ биомассасының
шығымы едәуір жоғары болғаны анықталды. Құлпынай өсімдігінің өсуіне оң әсер ететін азот
фиксациялаушы цианобактерия Anabaena variabilis R-I-5 суспензиясының ең оңтайлы клетка
саны 48х106 кл/мл болды. Алынған нәтижелер Anabaena variabilis R-I-5 азот фиксациялайтын
штаммын агробиотехнологияда биологиялық өнім алу үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздар: азотфиксациялаушы цианобактерия штамдары, Strawberry Sunrise T-4 сортының
өсуі, ауадағы молекулалық азотты сіңіру.

Загрузки

Как цитировать

D., K. B., K., Z. B., K., S. A., ., B. K. K., . T. А., & ., S. W. (2020). Изучение влияния азотфиксирующих цианобактерий на показателей роста сорта клубники Strawberry Sunrise T-4. Вестник КазНУ. Серия Экологическая, 64(3), 4–16. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v64.i3.01

Выпуск

Раздел

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ