Особенности строения скелетного компонента локомоторного аппарата тонкопалого суслика

Авторлар

  • Б. Е. Есжанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. Н. Плахов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. И. Асамбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. К. Джиенбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

тонкопалый суслик, земляные белки,

Аңдатпа

Африкалық жер тиіндері тұқымдасы тармағының Қазақстандағы бірден-бір өкілі тараққұйрықты (Spermophilopsis leptodactylus Licht., 1823) мысалға алып, омыртқа жотасы қаңқасының құрылыс ерекшеліктері талданды. Аталық жəне аналығының жастық өзгерістері шамалы ғана ажыратылады. Тек сегізкөз бөліміндегі омыртқалардың үшкір өсінділерінің орташа биіктігі аталықтарында аналықтарына қарағанда үлкен. Пайыздық қатынасы бойынша мойын бөлімі 14,4%-ды (құйрық бөлімінсіз омыртқа жотасының жалпы ұзындығынан), кеуде – 36,4, бел – 34,4% жəне сегізкөз бөлімі 14,7%-ды құрайды. Кеміргіштердің жасы мен жынысына тəуелсіз Subadultus тобының өзінде-ақ омыртқаларға түсетін күштің тұрақты индекстері қалыптасады. Олар мойын омыртқалары үшін 0,7, кеуде – 1,0, бел – 1,2 жəне сегізкөз омыртқалары үшін 1,6 болады. Барлық омыртқа жотасына түсетін күштің орташа индексі – 1,1.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-01-14

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ