Рахманбердиева Ж.Н., Жантасов Қ.Т., Раматуллаева Л.И., Куланова Ж.А., Жантасова Д.М. Оңтүстік Қазақстан облысының көкөніс дақылдарындағы хлорорганикалық пестицидтер мен ауыр металдар қалдықтарының құрамы

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Авторы

  • Рахманбердиева Ж.Н., Жантасов Қ.Т., Рахманбердиева Ж.Н., Жантасов Қ.Т., Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аннотация

Мақалада қазіргі таңдағы Оңтүстік Қазақстан облысының өзекті мәселелерінің бірі
болып саналатын топырақтың хлороорганикалық заттармен және ауыр металдармен ластануы
жайлы баяндалған. Қоршаған ортада ауыр металдардың таралуы тау-кенді өндірістерді, түрлі
химиялық және метал алу өндірістерді, ауыл шаруашылығында құрамында ауыр металдары
бар тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, автокөлік пен жылу-электр орталықтарын жатқызуға
болады. Топырақтағы ауыр металдар мөлшерін анықтау статистикалық әдістер негізіндегі
лабороториялық зерттеулер арқылы жүзеге асырылды. Келтірілген зерттеулер бойынша топырақ
құрамындағы ауыр металдар мөлшері анықталды. М. Әуезов атындағы «Конструкциялық және
биохимиялық материалдар» инженерлік бағыттағы аймақтық сынақтық лабораториясында
жүргізілген дозиметрлік бақылау сараптамасы «ЖАМБ-70» минералды тыңайтқышы үшін αβγ-
шағылысулары табиғи деңгейде (фон) болатындығын көрсетті. Оған қоса, зерттелініп отырған
үлгілерде қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін зиянды заттар табылмады. Оңтүстік Қазақстан
облысының өсімдік шаруашылығы және қоршаған орта объектілеріндегі хлорорганикалық
пестицидтер мен ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий) қалдық құрамы анықталды.
Топырақ құрамына әсер ететін зиянды заттарды анықтау газ-сұйық хроматография әдісімен
электронды қармау детекторы бар «Shimadzu» құрылғысымен жүргізілген. Зерттеу жұмыстары
нәтижесінде топырақ құрамына әсер ететін зиянды заттар анықталмады.
Түйін сөздер: топырақ, ауыр металдар, топырақтың механикалық құрамы, топырақтың
қышқылдығы, ортаның рН көрсеткіші.

Загрузки

Опубликован

2018-04-28

Выпуск

Раздел

ОЦЕНКА ДЕЙСТВИЯ ЗАГРЯЗНИТЕЛЕЙ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ НА БИОТУ И ЗДОРОВЬЕ НАСЕЛЕНИЯ