Іле Алатауының дәрілік өсімдіктерінің тұнбаларын антигенотоксикалық белсенділікке зерттеу

Авторлар

  • Lovinskaya A.V., Bekmagambetova N.T., Adybayeva A.T., Mukhambetiyar K.T., Kolumbayeva S.Zh., Abilev S.K. әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті, Қaзaқстaн, Алмaты қ., Н.И. Вавилов атындағы жалпы генетика институты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей, Мәскеу қ.

DOI:

10.26577/EJE.2019.v58.i1.03

Аңдатпа

Қоршаған ортада қауіпті экологиялық факторлардың көбеюіне байланысты,
ксенобиотиктермен индуцирленетін токсикалық және экологиялық әсерлерді түзеу үшін
табиғи эффективті протекторларды табу өзекті мәселе болып табылады. Биолюминисцентті
тест (lux-биосенсор) көмегімен сәлбен (Salvia), киікоты (Origanum), түймедақ (Matricaria) және
мыңжапырақ (Achillea) тұнбаларының генотоксикалық, оксидантты, антигенотоксикалық
белсенділіктері зерттелді. Жұмыста E. coli: E. coli MG 1655 (pColD-lux), E. coli MG 1655 (pRecAlux), Е. coli MG 1655 (pSoxS-lux), E. coli MG 1655 (pKatG-lux) генетикалық модификацияланған
штаммдары қолданылды. Аталған MG 1655 опероны люциферазалардың жұмысына жауап
береді және бұл тестте репортерлі міндет атқаратын биолюминисценцияны қамтамасыз етеді.
Зерттелінетін тұнбалар әртүрлі даярлау тәсілдерінде (қою, сұйылтылған және фито-шәй)
генотоксикалық және оксидантты белсенділік көрсеткен жоқ. SOS-жауапты индуцирлейтін
фактор барлық штаммдарда теріс бақылаудың (дистилдинген су) деңгейінен статистикалық
маңызды түрде асқан жоқ. Дәрілік өсімдіктердің тұнбалары мутаген 4-нитрохинолин 1-оксид
(4-НХО) және оксиданттар паракват, сутегінің тотығымен бірге әсер еткенде pColD-lux, pRecA-lux, pKatG-lux және pSoxS-lux сенсорларында 4-НХО, сутегінің тотығы және паракватпен
индуцирленген SOS-жауаптың статистикалық маңызды түрде төмендеуі байқалған жоқ. Тек
сәлбен тұнбалары ерекшелік көрсетті. Рецепт бойынша дайындалған сәлбеннің қою тұнбасы
және фито-шәй pKatG-lux биосенсорының SOS-жауапты индукциялау факторын статистикалық
маңызды түрде (p<0,001) төмендетті. Сонымен қатар ингибирлеу деңгейі тұнба түріне тәуелді
болды. Сәлбеннің қою тұнбасы және шәйі сутегі тотығына қарсы күшті антиоксидантты әсер
көрсетті, ингибирлеу сәйкесінше 43,6% және 46,8% құрады. Ал сәлбеннің сұйылтылған тұнбасы,
ингибирлеу деңгейі 29,2%, орташа антиоксидантты әсер берді. Осылай, биолюминисцентті
тест көмегімен сәлбеннің қою тұнбасы мен фито-шәйінің антиоксидантты белсенділігі pKatGlux биосенсоры арқылы көрсетілді. Сәлбен тұнбаларының құрамында, гидрототықтарды және
органикалық пероксидтарды инактивациялауға қабілетті биологиялық белсенді заттар бар деген
болжам жасауға болады. Киікоты, түймедақ және мыңжапырақ құрамында көптеген биологиялық
белсенді заттар бар екенін ескере отырып, бірақ, тест антигенотоксикалық және антиоксидантты
белсенділік анықтамағанына сүйеніп, тұнба дайындаған кезде, белсенділік анықтау үшін,
биологиялық белсенді заттардың керекті мөлшері алынбайды деген болжам айтуға болады.
Түйін сөздер: lux-биосенсорлар, Salvia, Origanum, Matricaria, Achillea, антиоксидант.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-04-04

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE