Елек өзенінің бормен ластану кезіндегі экологиялық сыйымдылығын бағалау

Авторлар

  • Lovinskaya A.V., Bekmagambetova N.T., Adybayeva A.T., Mukhambetiyar K.T., Kolumbayeva S.Zh., Abilev S.K әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 3Валенсияның Политехникалық университеті, Испания, Валенсия қ., Валенсияның Политехникалық университеті, Испания, Валенсия қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v58.i1.04

Аңдатпа

ақалада Елек өзені алқабындағы жер асты және жер үсті суларының бормен ластану
көздерін анықтау бойынша талдау нәтижелері келтірілген. Бор Елек өзенімен таралатындықтан
және Ақтөбе қаласының сумен қамту көзі және рекреациялық қоры болып табылатын Ақтөбе
су қоймасында жиналатындықтан Елек өзенінің бормен ластануы өзекті мәселе. Бордың үлкен
динамикасы келесі салдарды тудырады: су қоймасынан өту уақытында лайлану кезінде бор
өзеннің төменгі ағысына түсу арқылы өзен ағзаларына (тератогенді әсер) және тұрғындарға зиянын
тигізеді, тұқымқуалаушылыққа жағымсыз әсер етеді. Ақтөбе су қоймасының бормен ластануы
айтарлықтай деңгейде ластанған жер асты суларының сызашықтану көлемі мен концентрациясына
тәуелді Елек өзенінің өздігінен тазару қабілетімен анықталады. Берілген жұмыста ескі қойыртпақ
жинағыштың Елек өзені мен Ақтөбе су қоймасын ластаудағы рөлі көрсетілген. Авторлармен
өзендегі жер асты суларының сызаттарының аймағына есептеулер жүргізілген, сол аймақтардағы
Елек өзеніне түсетін бордың мөлшері анықталған. Жинағыш-тоғаннан алынған бордың массасы
есептелген, өзен суларымен жер асты суларының сызашықтануы кезінде бор концентрациясын
сұйылтудың регрессиялық моделі негізінде өзеннің өздігінен тазару үдерісіне бағалау жасалған.
Алға 2 режимдік бекетінде ішуге жарамды шаруашылық сумен қамту үшін ШРК-ға тең болатын
бордың концентрациясына қол жеткізу мерзімдеріне болжамдық бағалау жасалды.
Түйін сөздер: жер асты сулары, жер үсті сулары, ластану, бор, өздігінен тазарту үдерісі,
сұйылтудың регрессиялық моделі, экологиялық сыйымдылық

Жарияланды

2019-04-04

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE