Қазақстандағы 2017-2018 жж. тұмау эпидемиялық маусымының молекулалы-генетикалық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v58.i1.05Аңдатпа
Тұмау вирусы жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың тұрақты өзекті мәселесі болып
табылады. Тұмауды вирусологиялық қадағалау эпидемиологиялық және клиникалық маңызды
вирустың жаңа генетикалық нұсқаларын ерте анықтаудың маңызды құралы болып табылады.
Аталмыш зерттеудің мақсаты – 2017-2018 жылдары эпидемиологиялық маусымы
барысында Қазақстан аумағы айналымындағы тұмау вирусының молекулярлы-генетикалық
сипаттамаларын анықтау. Осылайша, тұмаудың A вирусының он екі штаммдарының (H1N1pdm09 субтипі-9, H3N2 субтипі-3) және B тұмауының 10 штаммының (B/ Виктория генатипі-2, B/
Yamagata генотипі-8) ген тізбектерінің зерттеуі жүргізілді. Филогенетикалық талдау мәліметтері
бойынша, A/H1N1pdm09 штаммдарының барлығы 6B.1 клайдына сәйкес екені анықталды. А/
H3N2 тұмау вирустары маңызды генетикалық әртүрлілігімен ерекшеленді – зерттелген вирустар
бірнеше филогенетикалық топтар мен кіші топшаларға бөлінді, бірақ вирустардың басым бөлігі
вакциналық штаммға ұқсас болды. Сондай-ақ, елде анықталған B тұмауының басым көпшілігі
B/Yamagata желісіне және 3-ші клайдына тиесілі екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері
тұмауға қарсы препараттарды дайындау үшін және вирусты арнайы алдын алу үшін арналған
вакцина штамдарын таңдау кезінде, айналмалы штаммдардың мутациялық өзгергіштігін және
филогенетикалық талдауын үздіксіз бақылаудың маңыздылығын растайды.
Түйін сөздер: тұмау вирусы, молекулярлық-генетикалық талдау, филогенетикалық талдау,
вакцина штамдары.
