Тетраплоидты бидайдың дүниежүзілік коллекциясының өнімділік компоненттерін салыстырмалы бағалау
DOI:
10.26577/EJE.2019.v59.i2.03Аңдатпа
Қазіргі таңда бидайды селекциялық жақсарту үшін, шығу тегі әртүрлі көптеген сорттар
зерттеуге алынады, соған байланысты, жаңа агроклиматтық жағдайда үлгілердің өнімділігін
бағалау үшін экологиялық сынақ қажет. Әртүрлі жылдары және/немесе түрлі өсу жағдайында
сорттардың өнімділік дәрежесі бойынша басты себебі генотип-орта байланысы болып табылады.
Бұл зерттеу тетраплоидты бидайдың дүниежүзілік коллекциясының, оның ішінде қатты бидай дың сорттары мен линияларының Қазақстан жағдайына бейімделуін зерттеуге бағытталған.
Генетикалық және географиялық шығу тектері әртүрлі тетраплоидты бидайдың 328 үлгісі 2
кездейсоқ қайталанымда Қазақстанның екі түрлі аймақтарында өсірілді – солтүстікте Қостанай
облысында және еліміздің оңтүстік-шығысында Алматы облысында. Бидай коллекциясын
фенологиялық бақылау және өнімнің құрылымдық талдауы Доспехов және Задокс әдістері
бойынша жүргізілді. GraphPad бағдарламасы негізінде талданған белгілер арасында (түптенуге
дейін күндер саны, сабақ элонгациясына дейін күндер саны, масақтануға дейін күндер саны,
гүлдеуге дейін күндер саны, пісіп жетілуге дейін күндер саны, өсімдік биіктігі, жоғарғы
буынаралық ұзындығы, өсімдіктегі өнімді масақтар саны, масақ ұзындығы, масақтағы дән саны,
өсімдіктегі дән саны, 1000 дәннің салмағы) корреляциялық байланыстар анықталды. Өнімділіктің
жалпы фенотиптік және негізгі ауылшаруашылық бағалы белгілерінің өзгергіштігіне генотиптік
және қоршаған орта өзгергіштігінің үлесін анықтау үшін генотип-орта байланыстары бағаланды.
Алматы және Қостанай облыстары жағдайына бейімді және өнімділігі жоғары үлгілер бөлініп,
алынды. Фенологиялық бақылаулар және құрылымдық талдау нәтижелері, өнімділік және
сапасымен байланысты ассоциацияларды толық геномдық айындауда пайдаланылады.
Түйін сөздер: тетраплоидты бидай, сорт, өнімділік, фенология, экологиялық сынақ, генотипорта байланысы.








