Challenges of protected areas management

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.01
        296 142

Abstract

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) биоәртүрлілікті сақтау және салауатты экологиялық функцияны ұлттық және халықаралық деңгейде сақтаудың негізі және маңызды стратегиясы болып табылады. Соңғы он жылдықтарда ЕҚТА территориясы үнемі өсіп отырды. Алайда олардың тиімділігі көбінесе басқару және жоспарлау стратегияларына байланысты. Аталған зерттеу жұмысы ЕҚТА басқарудағы негізгі мәселелерге шолу жасайды. Осы зерттеудің нәтижелері ЕҚТА басқару шешімдерін қабылдау процесіне мүдделі тараптарды тартудың маңыздылығын, жұртшылықтың ЕҚТА-ны қабылдауда көзқарасын көрсетеді. Адамның бақылаусыз әрекеті (аң аулау, браконьерлік, балық аулау), туризмнің тұрақсыз дамуы, климаттың өзгеруі сияқты негізгі мәселелерді түсіну тұрақты даму мақсаттарына жету кезінде және жаңа экологиялық саясатты әзірлеу мен енгізу кезінде де маңызды. ЕҚТА қоршаған ортаны қорғаудың тиімді құралы ретінде танылғанына қарамастан, оларды басқару кезінде көптеген аспектілер қажет. Мысалы, ЕҚТА-ны басқару саяси күн тәртібінде, әлеуметтік және экономикалық жағдай, мәдени мәселелер, мүдделі тараптар, жеке қалаулар және басқару сияқты көптеген өзара әрекеттесулерге байланысты. Сондықтан ЕҚТА-ны тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін осы көптеген кедергілерге жауап беру шараларын күшейту маңызды.

Түйін сөздер: ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, қоғамдық пікір, климат өзгеруі, мүдделі тараптардың қатысуы.

Downloads

How to Cite

Toktarova, A. A., Ives, C., & Seitkan, A. S. (2022). Challenges of protected areas management. Eurasian Journal of Ecology, 73(4), 4–14. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.01

Issue

Section

ENVIRONMENTAL IMPACT OF ANTHROPOGENIC FACTORS AND ENVIRONMENTAL PROTECTION