Дәрібаева Қ.К., Динмухамедова А.С., Молдагулова Н.Б. Мұнаймен ластанудан топырақты тазалау үшін психротрофты мұнай тотықтандыратын микроағзалар негізінде биопрепарат дайындау

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана

Авторы

  • Дәрібаева Қ.К., Динмухамедова А.С., Молдагулова Н.Б. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан, Астана қ

Аннотация

ұл жұмыста мұнаймен ластанудан топырақты тазалау үшін психротрофты мұнай тотықтандыратын микроорганизмдер негізінде биопрепарат дайындау зерттелген. Мұнайтотықтырушы
психротрофты микроорганизмдер негізіндегі биопрепараттарды заманауи биотехнологиялық
әдістермен біріктіре отырып қолдану биоремидиациялық жұмыстарды жыл бойы жүргізуге
мүмкіншілік береді. Жұмыста микробиологиялық және химиялық әдістер пайдаланылған.
Микроағзалардың идентификациясы Берджи анықтағышы бойынша анықталды. Бөлініп алынған
изоляттардың 16S rRNA консервативті локусы бойынша нуклеотидті тізбегінің генетикалық
идентификациясы жүргізілді. Нуклеотидті тізбектің гомологиясы 98-99% құрады. Көмірсуды
тотықтандыратын микроағзалардың туыстық және түрлік тиістілігі анықталды.
Мұнайды тотықтандыратын микроағзалардың 3, 4 және 6 штаммдардан тұратын биосәйкес
штаммдардан консорциумдардың 4 нұсқасы жасалды. Бөлініп алынған және жинақтық
штаммдары арасында микроорганизмдердің 19 дақылдарының +10ºС және +4ºС кезінде өсу
мүмкіндігі анықталды. K-15, P2, M3, K-14 және P3 психротрофты дақылдары мұнайды +10ºС
және +4ºС температураларда 14 тәулік бойы 80%-дан жоғары белсенді деструкциялады.
Мұнайдың деструкциясының ең жақсы нәтижелерін 5%-дық ластану кезінде консорциум №1
көрсетті, деструкция деңгейі 61%-ды құрады. 1 консорциум құрамына 3 штамм кіреді: Serratia
marcescens P3, Rhodocoсcus erytropolis P2, Bacillus amylofaciens K-15.
Түйін сөздер: биопрепараттар, психротрофтық микроорганизмдер, биоремедиация.

Загрузки

Опубликован

2018-04-28

Выпуск

Раздел

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ